Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М. Мырзағалиев PETRONAS компаниясының аға вице-президентімен кездесті

07.07.2022

7 шілде күні "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев малайзиялық PETRONAS мұнай-газ компаниясының аға вице-президенті Бачо Пилонг және Universiti Teknologi PETRONAS (UTP) вице-канцлер-бас директоры Мохамед Ибрагим Абдул Муталибпен кездесу өткізді. Сонымен қатар, келіссөзге Басқарма төрағасы-С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова қатысты.

Тараптар мұнай-газ саласындағы ұзақ мерзімді екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында UTP өкілдері өздерінің мұнай саласына қатысты инженерлік, ғылыми-технологиялық бағдарламалары мен осы бағыттар бойынша мамандар даярлау әдістері туралы айтып берді.

Өз кезегінде Г.Шакуликова университеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті атап өтіп, С. Өтебаев атындағы  Атырау мұнай және газ университеті базасында UTP  филиалын ашу жоспарларын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>