Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасы TotalEnergies компаниясының Қазақстандағы басшысымен кездесті

29.06.2022

Маусымның 29-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев TotalEnergies компаниясының Қазақстан Республикасындағы басшысы Ахлем Фрига-Ноймен кездесті.

М.Мырзағалиев ҚР Энергетика министрлігі атынан Ахлем Фрига-Ной ханымға «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін табыстады. Сонымен қатар ұзақ жылғы табысты ынтымақтастығы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

«Қазақстанда жұмыс істеген жылдары сіз еліміздің бизнес-климатын жақсартуға және маңызды жобаларды іске асыруға ықпал еттіңіз. Алдағы уақытта да абыройлы еңбегіңізбен жарқын жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспін», - деді М.Мырзағалиев.

Айта кетсек, ротация аясында Ахлем Фрига-Ной TotalEnergies компаниясының Қазақстандағы басшысы қызметінен кетіп жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>