Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Ақтауда өзінің өкілдігін ашты

23.06.2022

23 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтау қаласында өзінің өкілдігін ашты.

Өкілдіктің ашылу шарасына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты. ҚМГ Өкілдігін ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев басқарады. ҚМГ Ақтаудағы қызметтік офисі батыс өңірдегі компаниялардың мына қызметтеріне жетекшілік ететін болады:

  • жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен, ҚМГ еншілес және мердігерлік ұйымдарының кәсіподақтарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын үйлестіру;
  • өндірістік бағдарламалардың, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын, кен орындарды игеруді бақылау;
  • ҚМГ еншілес ұйымдарының Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі мен кадр мәселелері бойынша жұмыстарын үйлестіру;
  • ҚМГ еншілес ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және басқа да қызметтер.

«Біз Маңғыстау облысында өңір тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бағытында бірқатар бастаманы іске асырып жатырмыз. Сондай-ақ мұнай мен газ қорларын ұлғайту және өндіру бойынша инвестициялық жобаларды жүргізудеміз. Бүгін Ақтауда ашылған офистік  алдында маңызды міндеттер тұр. Оның үстіне компанияның топ-менеджменті мен мамандарының дәл осы жерде жұмыс істеуі өндірістік және әлеуметтік мәселелерді жедел әрі барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Мырзағалиев өкілдіктің ашылуында.

Өкілдік офисі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ғимаратында орналасатын болады.

Сондай-ақ ҚМГ басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде жақында техникалық жағынан іске қосылатын Қаражанбас кен орнындағы су тұщыландыру зауытында болды. Кәсіпорын мұнаймен бірге өндірілетін қабаттық суды тұщытуға мүмкіндік береді. Ендігі кезде «Қаражанбасмұнай» АҚ өндіріске және тұрмысқа  тұтынуға қажетті сумен өзін толық қамтамасыз ете алады.  Бұл өз кезегінде Астрахань - Маңғышлақ магистральдық су құбырынан алынатын суды өңір тұрғындарының игілігіне бағыттауға жол ашады.

М.Мырзағалиев өңір халқын ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі жобалар Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін және қойылған міндеттерді орындау жауапкершілігінің бір бөлігі ҚМГ-ға жүктелетінін атап өтті. Компания Кендірлі кентінде теңіз суының тұщыту зауытын салуды және Астрахань - Маңғышлақ су тарту құбырын реконструкциялау және кеңейтуді қосымша жоспарлап отыр.

Басқарма төрағасы сапар барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «ҚазГӨЗ» ЖШС және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өндірістік нысандарын аралады. Еншілес кәсіпорындардың басшылары М.Мырзағалиевке Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (кешенді жоспар) аясында ҚМГ өңірде жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың ағымдағы мәртебесі туралы мәліметтер берді.

Кешенді жоспар аясында ҚМГ-ның қатысуымен өңірде 425 млрд теңге сомасына есептелген 22 жоба мен іс-шара жоспарланған. Бұл кәсіпорындар тобы мен олардың мердігер ұйымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды қаржыландыру шараларын қамтиды.

Анықтама:

Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамуытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары ҚР Үкіметінің 2021 жылғы қарашадағы қаулысымен бекітілген.

Маңғыстау облысында ҚМГ-ға қарасты 18 кәсіпорын жұмыс жасайды. Ондағы жұмысшылар саны ҚМГ компаниялар тобындағы жұмысшылардың 52 пайызын құрайды, яғни шамамен 32,5 мың адамнан асады. ҚМГ-дың мұнай өңдірудегі өңірдің үлесі 43 пайыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>