Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» Қаратон-Сарықамыс жобасы бойынша ниет келісіміне қол қойды

17.06.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ Атырау облысындағы «Қаратон-Сарықамыс» жобасын бірлесіп іске асыру бойынша ниет келісіміне қол қойды.

Келісім «ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» компанияларының Қаратон-Сарықамыс геологиялық-барлау жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық ниетін растайды. Құжатқа ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев және «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов 17 маусымда Санкт-Петербург қаласында (РФ) өткен Петербург халықаралық экономикалық форумы кезінде қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Татарстан президенті Рустам Миннихановтың кездесуі барысында өтті.

Кен орында көмірсутектер қоры анықталған жағдайда ҚМГ ресурстық базасы кеңейіп, өндіру көлемі артады.

«Татнефть» компаниясының Қаратон-Сарықамыс жобасы бойынша бізге стратегиялық серіктес болу ниетін қоштаймыз. «Татнефть» компаниясы – «ҚазМұнайГаздың» басты серіктесі. Біз тауарлар мен жабдықтарды жеткізуден бастап, ескі кен орындарда мұнай өндіру деңгейін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруға дейінгі түрлі бағыттар бойынша серіктестікті белсенді дамытудамыз», - деді келісімге қол қою кезінде Мағзұм Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» компанияларының ынтымақтастығы ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Біз әртүрлі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Біздің компанияның геологиялық барлаудағы технологиялары мен тәжірибесі Қазақстанның кен орындарын сәтті игеруге ықпал ететініне сенімдімін», - деп атап өтті «Татнефть» бас директоры Наиль Маганов.

Анықтама:

Қаратон-Сарықамыс учаскесі Атырау облысында Теңіз, Королев кен орындары және «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындар тобы маңында орналасқан.

2022 жылдың ақпанында Қаратон-Сарықамыс «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін көмірсутектерді барлау мен өндіру жұмыстарын жүргізуге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізіміне қосылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>