Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Тұрақты даму жолындағы жауапты бизнес

07.06.2022

2022 жылғы 3 маусымда Ақтау қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Тұрақты даму үшін жауапты бизнес» тақырыбында конференция өтті. Шараға еліміздің 180-нен астам өнеркәсіп кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдарының экологтары қатысты.

Қатысушылар энергия тиімділігін арттыру және қоршаған ортаға жүктемені азайту үшін технологиялық жетістіктермен, сондай-ақ «жасыл» жобаларды іске асыру есебінен көміртегі ізін азайтуға септігін тигізетін мүмкіндіктермен танысты.

Конференция барысында түрлі кәсіпорын экологтарын марапаттау рәсімі де өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының эколог мамандары «Экологияға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамотамен және алғыс хатпен марапатталды.  

Марапаттарды табыстаған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген  мамандарға алғысын айтты.

Бұл қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және заңнамалық реттеудің өзекті мәселелері бойынша кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың ынтымақтастығын нығайтуға және өзара тәжірибе алмасуға бағытталған бірінші ауқымды іс-шара екенін атап өткен жөн. Конференция  Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 2022 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта мәселелеріне арналған алғашқы конференция – 1972 жылы Стокгольм конференциясы өткеніне 50 жыл болды. Сол айтулы жиыннан кейін ЮНЕП құрылып, 5 маусым жыл сайынғы Дүниежүзілік қоршаған орта күні деп жарияланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>