Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ембінің 100 жылдығына дайындық барысы талқыланды

04.06.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Атырау облысында жұмыс сапарымен болды. Ол «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) мен оған қарасты «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары басшылығымен кездесіп, жұмыс жиынын өткізді.

Кездесу барысында 2022 жылғы 4 айдағы өндірістік нәтижелер мен мұнай өндіру жоспарын орындау мәселелері талқыланды. Өндіріс көлемі жоспарын орындау бағытында пайдаланушылық ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар геологиялық барлау жұмыстарының ағымдағы даму жоспарына тоқталды.

Бұған қоса, Қ.Есқазиев жұмыс ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен басшылық пен өндіріс қызметкерлері арасындағы ішкі коммуникацияны жақсартуға баса назар аударуды тапсырды.

Бұдан бөлек, жиын барысында Ембінің 100 жылдық мерейтойына орай мерекелік шараларды өткізу бағытындағы мәселелер қозғалды. Қ.Есқазиев Ембінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар бағдарламасымен танысты. Жұмыс тобының мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктелді. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>