Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Есқазиев «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнына жұмыс сапарымен барды

03.06.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Жаңаөзен қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Өзенмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге мекеме басшылары, кәсіподақ өкілдері және өндіріс қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында осы жылдың алғашқы бес айында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын шаруалар талқыланды. Сонымен қатар жұмыс сапары барысында Қ.Есқазиев бірқатар өндірістік нысандарды, атап айтқанда мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасын, мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасын, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадаларын аралап, өндірістің тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында алдағы жексенбіде өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізудің ұйымдастырушылық сұрақтары да талқыланды. Құрманғазы Есқазиев Конституцияға енгізілуі жоспарланған өзгерістер елдің өркендеуіне жасалған маңызды қадам екенін алға тартып, саяси науқанның маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде мұнайшылар Ата Заңды жаңартуға қолдау көрсетуге әзір екендерін айтты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>