Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры тағайындалды

20.05.2022

Мамырдың 19-ы күні «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС жалғыз қатысушысының шешімімен Шамсутдинов Ильдар Тагирович компанияның бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Нұржан Нұрланұлы Нұрланов атқарған еді.

Ильдар Шамсутдинов мұнай-газ саласының білікті маманы. Оның Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұнай-газ өндіру кәсіпорындарында, сондай-ақ халықаралық трейдинг компанияларында сауда, бизнесті дамыту, логистикалық операциялар және келісімшаттар жасасу бағыттары бойынша мол тәжірибесі бар.

И.Шамсутдинов 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. MBA дәрежесіне ие (РФ Президенті жанындағы Ресей ауыл шаруашылығы және мемлекет қызмет академиясы).

Еңбек жолын 2000 жылы «CNPC-Aktobemunaigas» ААҚ компаниясында мұнай сату инженері, мұнай тасымалдау маманы болып бастады.

2005-2006 жылдары «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС мұнай сату бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары – «Бұзашы Оперейтинг Лтд» компаниясында маркетинг департаментінің жетекші маманы.

2008-2011 жылдары «Назым мұнай-газ барлау экспедициясы» ЖАҚ және «Ханты-Мансийск мұнай компаниясы» ЖАҚ ұйымдарының Мәскеу өкілдігінің басшысы қызметін атқарды.

2010-2017 жылдары – «Жайықмұнай» ЖШС логистика департаментінің басшысы.

2017 жылдан бастап Exmor Group DMCC/ Enco Trading DMCC/ Supreme Petroleum Pte Ltd компаниялар тобында (Дубай және Мәскеу) логистика менеджері, мұнай өнімдерін сату менеджері және трейдинг пен бизнесті дамыту жетекшісі болып қызмет етті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>