Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Трансформация – болашақ игілігі үшін

29.05.2015

2015 жылдың 29 мамырында Атырау қаласында ҚМГ өндіруші және сервистік кәсіпорындарын құрылымдық қайта құру және құжаттамалық тәртіптеме, қызметкерлер үшін ауыстыру және кепілдік шарттары мәселелері бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы кәсіподақтарының жетекшілерімен корпоративтік кездесу болып өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, ҚМГ еншілес кәсіпорындарының басшылары, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Ақтөбе және Атырау облысы әкімдіктерінің, Бас прокуратураның, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері қатысты.

Негізгі тақырып «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобында трансформациялау мәселелері болды. Мемлекет басшысы бекіткен Трансформациялау бағдарламасы аясында ҚМГ алдына қор мен өндірудің өсуін қамтамасыз ету арқылы компанияның құнын өсіру, ағымдағы активтердің рентабельділігін арттыру міндеті қойылды. Оны шешу барысында компания бүгінгі таңда шығынның тұрақты өсуіне және көп жағдайда қазіргі әлеуметтік міндеттемелермен байланысты ағымдағы өндіру көлемін ұстап тұру үшін пайдалану шығындарының қолайсыз деңгейіне тап болуда. ҚМГ бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындары көрсететін мұнайсервистік қызметтер мен мұнай өндірудің өзіндік құны құрылымында еңбекақы қорының үлесі 70 пайызға дейін жетуде. Сонымен қатар әлемдік экономиканың даму қарқынының төмендеу үрдісі, дағдарыс және мұнай бағасының барынша құлдырауы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қаржылық жағдайына жағымсыз әсер етуде.

Сонымен бірге өндіруші операциялық компаниялар құрылымының әртектілігі басқару процесін күрделендіріп және операциялық шығындардың өсуіне әкеліп ғана қоймайды, оған қоса әлеуметтік наразылыққа негіз қалайды.

Бұған қоса, қазір ҚМГ кәсіпорындарында әр компанияда әртүрлі ауысым ұзақтығы қолданылылады. Нәтижесінде біркелкі мамандық өкілдері әртүрлі жалақы алады, мұның өзі еңбек ұжымдарында шиеленіс тудырады.

Осыған байланысты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ трансформациялаудың бірінші кезеңінде нақты міндетке негізделген құрылымдық компанияға айналуы керек, ол үшін қосымша/сервистік бөлімшелерді, сондай-ақ қызметтің бейім емес түрлерімен айналысатын басқа да бөлімшелерді өндіруші және мұнайсервистік ұйымдардың құрамынан жеке заңдық тұлғаға шығару керек.

ҚМГ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өз сөзінде жоспарланып отырған құрылымдық қайта құру оған жататын кәсіпорындар қызметкерлері көп бөлігінің жалақысының көлеміне әсер етпейтін болатынын қадап айтты. Қызметтің бейім емес түрлерімен айналысатын қызметкерлерді шығарған жағдайда оларға ҚМГ компаниялар тобына кіретін сервистік компаниялардан жұмыс орны берілетін болады. Бұл жағдайда қызметкерлер үшін жалақы, жыл сайынғы еңбек демалысы үшін мамандық және разряд, құқық және еңбек өтілі кепілдіктері, ынталандыру шарттары қарастырылатын болады. Еңбек жағдайы – жалақы деңгейі, ынталандыру шарты өзгеріске ұшыраған жағдайда қызметкерлерге өтемақы ұсынылады. Компанияны құрылымдық қайта құру қызметкерлердің санын қысқартуға жол бермейді.

ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин өз сөзінде қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының іске кіріскенін хабарлады. Оның құрамына Бас прокуратураның, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ өкілдері кірді. Компанияны қайта құру жөніндегі ҚМГ жоспары үкіметтік деңгейде талқыланды және ерекше бақылауда тұр. Ол жиналғандардың назарын ҚР Үкіметі ұлттық компания алдына өз қызметкерлері алдындағы міндеттемелері мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, жалақы деңгейі мен жұмыс жағдайын сақтау, құқықтардың шектелуіне жол бермеу міндетін қойғанын астын сызып айтты.

Белгіленген құрылымдық қайта құру әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шеңберінде салалық және аймақтық деңгейде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облысы әкімдіктерінің қатысуымен егжей-тегжейлі талқылау жақын арада болады деп күтілуде.

Кәсіподақ жетекшілеріне белгілі шетелдік компаниялардағы құрылымдық қайта құрудың қалай жүргізілгендігі туралы материалдар жіберілді. Онда әлемдік тәжірибе туралы, аталмыш құрылымдық қайта құрулардың жоғары экономикалық және әлеуметтік нәтижелері туралы жан-жақты баяндалған.

Қайта құру бағдарламасы бойынша одан арғы іс-қимылдар туралы айта келіп, ҚМГ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бір ай ішінде жоспарлар барлық мүдделі жақтармен егжей-тегжейлі қарастырылатынын тілге тиек етті. Осы жұмыстың шеңберінде аймақтарда құрылымдық қайта құруға жататын барлық еншілес және тәуелді ұйымдардың әлеуметтік қызметтерімен, өндірістік және қаржылық блоктарымен мәжілістер өткізіледі. Қызметшілерді ауыстыру, кепілдіктерді сақтау, құрылымдарды жасақтау, активтер мен тауарлы-материалдық игіліктерді бөлу мәселелері талқыланатын болады.

ҚМГ басшысы құрылымдық қайта құру және құжаттамалық тәртіптеме жұмысын жүргізудің толыққанды көрінісі анықталған кезде «Ембімұнайгаз» АҚ кеніштеріндегі, Жаңаөзен қаласындағы, Маңғыстау облысындағы Қаламқас және Қаражанбас кеніштеріндегі еңбек ұжымдарымен кездесулерге жеке өзі баратынын кесіп айтты. Аталмыш шара әрбір еншілес және тәуелді ұйым бойынша алда тұрған құрылымдық қайта құру мәселелерін түсіндіру жұмыстары мен талқылау жөніндегі іс-қимылдың кең ауқымды жоспарының бір бөлігі болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>