Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ цифрлық трансформациялау жобасы

05.04.2022

2022 жылдың 6-8 сәуір күндері дәстүрлі «Atyrau Oil and Gas» Солтүстік-Каспий өңірлік көрмесі аясында «ҚазМұнайГаз» тобының компанияларында енгізіліп жатқан ABAI ақпараттық жүйесінің модульдері бойынша шеберлік кластары өткізіледі. Іс-шара Абай орталығында («JasSpace» STEAM-кеңістігі) өтеді. Алғашқы күні шеберлік кластары алдында ҚМГ цифрлық трансформациялау тобының өкілдерді мұнай-газ секторын трансформациялау барысы туралы айтып береді.

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС іске асырып жатқан «ABAI ақпараттық жүйесін әзірлеу» жобасы бүгінде «ҚазМұнайГаз»-дың цифрлық трансформациялау бағдарламасының басымдықты жобасы болып табылады. ABAI жүйесі – толығымен отандық цифрлық өнім. Ол ҚМГ тобының барлау және өндіру жөніндегі деректерді, оларды автоматты түрде өңдеу, талдау және бірден визуализация жасау мүмкіндіктерін біріктіреді. Жүйе ондаған автономдық модульден тұрады, оларды әзірлеу кезінде математикалық алгоритм, машинамен оқыту және жасанды интеллект қолданылады. Қазіргі кезде бес пилоттық модуль енгізілді – «ABAI деректер базасы», «Визуализация орталығы», «Күрделі жағдайларды мониторингілеу», «Технологиялық режим» және «Тереңдіктегі сорғылар жабдығын іріктеп алу». Жүйе бойынша барлығы 20-дан астам модуль әзірленеді. Олардың әрқайсысы нақты өндірістік проблеманы шешуге арналады.

Жалпы, ABAI ақпараттық жүйесі барлау мен бұрғылаудан бастап пайдалану мен экономикалық тиімділікті бағалауға дейінгі барлау мен өндірудің негізгі процестерін цифрландырудың белгілі бір салалық стандартына айналмақ. Жүйе толық енгізілген кезде ҚМГ еншілес кәсіпорындарының операциялық шығындары 2-3%-ға азаяды деп күтіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>