Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Американдық компания және ҚМГ Атырауда зертхана ашты

25.03.2022

Наурыздың 25-і күні Атырауда мұнай өнімдерінің өндірісінде қолданылатын катализаторларды тестілеуден өткізетін Қазақстандағы алғашқы арнайы зертхана ашылды. Жаңа зертхана заманауи жабдықпен қамтылған. Ол FCC каталитикалық крекинг катализаторы үлгілерінің химиялық құрамын, бетінің ауданын және басқа да физикалық қасиеттерін анықтайды.

Каталитикалық крекинг процесі мұнайды терең өңдеуді қамтамасыз етеді және мазут пен вакуумдық газойлды өңдеу есебінен бензин мен сұйытылған газды өндіріп шығару көлемін ұлғайтады. FCC катализаторы сынамалары талдамасының нақты және уақтылы нәтижелері отандық зауыттарға жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндірудің технологиялық процесіне шұғыл өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін отандық МӨЗ-дер катализатор сынамаларын еуропалық зертханаға жіберетін еді, ал олардың қорытындысын алу ұзақ уақытқа созылатын. Жаңа зертхана ашылғаннан кейін талдау қорытындысын алу мерзімі екі күнге дейін қысқарады.

Зертхана американдық W. R. Grace & Co. компаниясы (Grace) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) құрған бірлескен кәсіпорын аясында ашылды. Grace дүниежүзі бойынша жеті өндірістік алаңы бар FCC катализаторларын өндіретін әлемдік компания болып табылады. Бірлескен кәсіпорында қазақстандық мамандар еңбек ететін болады, Grace компаниясы оларға озық технологиялармен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізеді.

Қазіргі уақытта Grace және ҚМГ ҚР мұнай өңдеу саласында қолданылатын катализатор өндіретін Қазақстанда толық циклді зауыт салу перспективасына бағалау жүргізуде. Бұл отандық шикізатты пайдалану және логистиканың арзандауы есебінен катализатор құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ашылып отырған зертхана базасында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтулері үшін отандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі пысықталуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>