Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және Shell Қашаған мен Қарашығанақ жобаларын дамыту перспективасын талқылады

16.03.2022

Наурыздың 15-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті.

Алик Айдарбаев Питер Костеллоны Shell атқарушы вице-президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

ҚМГ басшысы Қазақстандағы ҚМГ мен Shell компаниялары ынтымақтастығының барлық жобалары бойынша қарым-қатынас қарқынына көңілі толатынын айтты. Алик Айдарбаев тараптардың ынтымақтастығы өзара түсіністік мен серіктестік негізінде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Өз кезегінде Питер Костелло Shell бизнесінде қазақстандық жобалардың маңызы зор екенін жеткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерінің кең ауқымын, соның ішінде Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын одан әрі игеру жобаларын, сондай-ақ осы жобаларда қазақстандық қамту үлесін ұлғайту және кадрларды ұлттандыруды талқылады.

Сонымен қатар кездесу барысында әлемдік көмірсутек нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша пікір алмасты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>