Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және Schneider Electric біріккен кәсіпорын құрады

29.04.2015

«ҚазМұнайГаз»ҰҚ» АҚ еншілес компаниясы «KMG Systems&Services» ЖШС менқуат көздерін басқару мен өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Schneider Electric компаниясы «KMG Automation» біріккен кәсіпорнын құрды. Жаңа бірікккен кәсіпорын жергілікті кадрларды тарта отырып, Қазақстан өнеркәсібінің әртүрлі салалары, оның ішінде ең алдымен мұнайгаз кешені үшін әлемдік деңгейдегі технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі жобаларды жасау мен пайдалануға беруді жүзеге асыруды жоспарлауда.

Біріккен кәсіпорынның негізгі міндеті жергілікті кадр әлеуетін дамыту және өнеркәсіптік автоматтандыру, қуат көздерін бағдарламалық қамтамасыз ету мен басқару саласында Қазақстандағы оқшау жинақтау жүйесін кеңінен пайдалану болып табылады. Күтіп отырғандай, «KMG Automation» отандық өнеркәсіпті тиімділікті арттыру мен өндірістің қауіпсіздігі жөніндегі алдыңғы қатарлы шешімдермен қамтамасыз етеді.

Біріккен кәсіпорынның құрамына Schneider Electric компаниясының Қазақстандағы бизнес-бөлімшесі «Промышленная автоматизация» кіреді және ҚР мұнайгаз саласында эксклюзив құқығында Foxboro®, Triconex®, SimSci®, Avantis® және Wonderware® сауда маркаларымен өнімдер мен шешімдер шығаратын болады.

«KMG Automation» ЖШС Басқарма төрағасы Николас Померой атап өткендей, компанияның ұзақмерзімді стратегиялық мақсаты – Қазақстан үшін автоматтандыру жетекші орталығы мен озық құзырлықты таратушы болу.

Тағы бір маңызды нәрсе, бұл компанияның құрылуы 150-ден астам білікті жұмыс орнын құруға, сонымен бірге автоматтандырудың бақылау-есептеу құралдары мен қондырғыларын құрастыру цехы мен Foxboro® бақылау-есептеу құралдары үшін қызмет көрсету орталығы, клиенттерді қолдау орталығы, Triconex® апатқа қарсы қорғану жүйесінің құзырлы орталығы және қойма салуға мүмкіндік береді. Жұмыстың үшінші жылы компанияның ең кемінде 90 пайыз қызметкерлері ҚР азаматтары болады деп жоспарлануда. «KMG Automation» бас офисі Атырау қаласында орналасады.  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>