Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және Еуропалық қайта құру және даму банкі төмен көміртекті дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады

16.03.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) басшылығымен кездесу өткізді.

ЕҚҚДБ вице-президенті Алан Пию кездесу қатысушыларын 1993 жылдан бері Қазақстанның түрлі жобаларын іске асыруға 9 млрд еуродан астам инвестиция салған банк қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол қаржы институтының 2022-2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында көміртек ізін қысқарту бойынша ҚМГ ынтасын қолдауға дайын екенін растады.

Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық есепті ашу (TCFD) бойынша жүйе мен рәсімдерді енгізу саласында ЕҚҚДБ тарапынан техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.

Қаржы институты Қазақстанда сутегі энергетикасын дамыту әлеуетіне және оны енгізу үшін қажетті реттеуші базаға сараптама жасауға да жәрдемдесуге әзір.

Бұдан бөлек, тараптар Ұлттық компанияның активтерінде энергия тиімділігін және баламалы энергия көздерін ұлғайту саласындағы жобаларды іске асыруға ЕҚҚДБ-ның қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>