Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2021 жылғы өндірістік нәтижелері

28.02.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания»), Қазақстанның тігінен интеграцияланған ұлттық мұнай-газ компаниясы 2021 жылғы өндірістік нәтижелерін жариялады.

ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Серікұлы Айдарбаев:

«2021 жылы біз өз даму стратегиямызды жандандырдық. Компанияның дәстүрлі қызметімен қатар стратегиялық мақсаттар арасында тұрақты дамуға ерекше ден қойылуда. Есепті жылда Төменкөміртекті дамыту бағдарламасы бекітілді. Бұл құжат көмірсутек ізін азайтудың ағымдағы мүмкіндіктерін, сондай-ақ көміртексіздендіру үшін қосымша қызмет бағыттарын қамтиды.

Компания бизнесті әртараптандыру аясында өз қызметінің басым бағыты ретінде мұнай химиясын дамытуды жалғастыруда. Өткен жылдың соңында жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіретін KPI газ-химия зауыт кешенінің негізгі құрылысы аяқталып, Теңіз кен орнынан пропанның алғашқы партиясын қабылдап алды.

2021 жылғы қарашада ҚМГ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі бизнес бағытын елдің газ саласын үдемелі дамыту үшін негізгі акционері «Самұрық-Қазына» АҚ-ға берді.

«ҚазМұнайГаз» алдағы уақытта да әлеуметтік және экологиялық жауапты компания бола отырып, осы бағыттағы бірқатар жобаны іске асыруды жалғастырады. Атап айтқанда, Қаражанбас кен орны мен Кендірлі кентіндегі су тұщыту зауыттары, «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын реконструкциялау, Атырау қаласының қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған TAZALYQ жобасы. «Жасыл» технологияларды дамыту саласында ҚМГ 2021 жылы Eni, Shell, Total, Air Liquide және Linde сияқты ірі халықаралық компаниялармен бірқатар келісім жасады».

2021 жылғы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылғы 21 752 мың тоннамен салыстырғанда 21 651 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 1,9%-ға ұлғайып, 74 565 мың тоннаны құрады;
  • Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,2%-ға өсіп, 18 833 мың тоннаны құрады.

2021

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

21 651

21 752

-0,5%

Газ өндіру, млн м³

8 081

8 191

-1,4%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

74 565

73 171

1,9%

Газ тасымалдау[1], млн м³

81 851

86 590

-5,5%

Мұнай өңдеу, мың тонна

18 833

18 077

4,2%

Өндірістік көрсеткіштер, егер өзгесі көрсетілмесе, бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелік ету үлесіне сәйкес және шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар үшін көрсеткіштердің 100%-ы көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 0,5%-ға азайып, 2021 жылда 21 651 мың тоннаны (тәулігіне 444 мың баррель) құрады. Ілеспе және табиғи газ өндіру көлемі 1,4%-ға 8 081 млн м³-ге дейін төмендеді.

Мұнай мен конденсатты өндіру, мың тонна

2021

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз 

5 332

5 347

-0,3%

Маңғыстаумұнайгаз

2 944

2 977

-1,1%

Ембімұнайгаз

2 522

2 601

-3,0%

Теңіз

5 311

5 292

0,4%

Қашаған

1 344

1 253

7,2%

Қарашығанақ

1 034

1 094

-5,5%

Өзгелері

3 165

3 188

-0,7%

Жиыны

21 651

21 752

-0,5%

Теңіз кен орнында мұнай өндіру 5 311 мың тоннаны (тәулігіне 116 мың баррель) құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға қысқарды. Ілеспе газды өндіру 2 953 млн текше метрді құрап, 0,1%-ға ғана ұлғайды. Өндіру көлемінің өсуі ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі шектеулердің жеңілдеуіне, сондай-ақ екінші буын зауытының қондырғыларын күрделі жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуына және шикі газды кестедегіден артық айдауға байланысты болды.

Қашағанда мұнай өндіру ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі шектеулерді жеңілдету есебінен 7,2%-ға айтарлықтай ұлғайды. Соның нәтижесінде ҚМГ үлесіне өндіру көлемі өткен жылы 1 253 мың тоннаға (тәулігіне 29 мың баррель) жетті. Сондай-ақ 2021 жылғы 4-ші тоқсанда шикі газды айдау компрессорларының жұмысына сынақтар ойдағыдай жүргізілді. Бұл газды кері айдау деңгейін тәулігіне 15 млн текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 7,9%-ға өсіп, 818 млн текше метрді құрады.

Қарашығанақта мұнай мен конденсатты өндіру 5,5%-ға азайды және 1 034 мың тоннаны (тәулігіне 22 мың баррель) құрады. Газ өндіру 6,1%-ға қысқарып, 1 898 млн текше метрді құрады. Өндірістің төмендеуі тамыз айында жоспардан тыс жөндеу жүргізілген Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жіберілген газды қабылдаудағы шектеулерге байланысты болды. Сондай-ақ Қарашығанақта 3-тоқсанда 4-ші компрессордың бағдарламалық жасақтамасын жүктеу үшін жоспарлы техникалық қызмет көрсету және 2-ші кешенді газ дайындау қондырғысының газды кері айдау компрессорларына жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Операциялық активтердегі мұнай және конденсат өндіру көлемі 1,1%-ға 13 963 мың тоннаға (тәулігіне 277 мың барр.) азайды, ал газ өндіру 2,1%-ға 2 411 млн текше метрге дейін төмендеді. Мұнай және конденсат өндіру көлемінің төмендеуіне негізінен ОПЕК+ келісімі аясында өндіруді шектеу бойынша қабылданған міндеттемелер, сондай-ақ «Ембімұнайгаз» кен орындарындағы сұйықтықты тотықтыру-қалпына келтіру жүйесіндегі ақауларды жою жөніндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір ұңғымалардың тоқтатуы өз ықпалын тигізді. Бұдан басқа, сарқылған кен орындарда өндіріс деңгейінің табиғи төмендеуі байқалады.

Көмірсутек шикізатының қорлары

PRMS халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалған DeGolyer&MacNaughton халықаралық тәуелсіз компаниясының аудитіне сәйкес ҚМГ дәлелденген және ықтимал көмірсутек қорлары (2Р) 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 645 млн тонна мұнай эквивалентін (4 983 млн баррель мұнай эквиваленті) құрады. 2Р санатындағы қорлар 2020 жылмен салыстырғанда Өзен кен орны мен Қашаған кен орнының көмірсутек шикізаты (КСШ) қорларын қайта есептеуді қоса алғанда, көмірсутек қорларын басқару жөніндегі орындалған іс-шаралар кешені есебінен, сондай-ақ макроэкономикалық параметрлерді жақсарту (мұнай бағасының өсуі) есебінен 1,8%-ға ұлғайды.

PRMS бойынша таза қорлар (2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)

Қорлар санаты, млн тонна м.э.

2021

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

Дәлелденген (1P)

477

459

3,8%

Дәлелденген және ықтимал (2Р)

645

635

1,6%

Дәлелденген және ықтимал және қисынды (3P)

761

757

0,5%

Қорлар санаты, млн барр. м.э.

2021

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

Дәлелденген (1P)

3 694

3 550

4,1%

Дәлелденген және ықтимал (2Р)

4 983

4 895

1,8%

5 869

5 832

0,6%

Мұнай мен газ тасымалдау

2021 жылы мұнайды магистралмен және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 1,9%-ға, 74 565 мың тоннаға дейін ұлғайды1.

Мұнай тасымалдау, мың тонна

2021

(100%)

2021

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

41 224

41 224

42 298

-2,5%

Қазақстан-Қытай құбыры 

17 412  

8 706

7 942

9,6%

МұнайТас2

4 273

2 179

1 694

28,7%

Каспий құбыр консорциумы

60 728

12 601

12 248

2,9%

Қазақтеңізкөлікфлоты

9 855

9 855

8 990

9,6%

Жиыны

-

74 565

73 171

1,9%

1 Мұнай көлемінің бір бөлігі  екі немесе үш құбыр компанияларымен тасымалдануы мүмкін және тиісінше осы көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық ескеріледі.

2 МұнайТас үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын болып табылады. Осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген.

Магистралды құбырлар арқылы мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылы небәрі 0,8%-ға ұлғайып, 64 710 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне ішкі нарықта қажетті өңдеу көлемін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына қарай ішкі тасымалдау көлемінің ұлғаюы әсерін тигізді. Бұл ретте, мұнайды экспортқа тасымалдау көлемі жер қойнауын пайдаланушылардың ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша қабылдаған міндеттемелеріне және сарқылған кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты төмендеді.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға ұлғайды және әлемде мұнай кеме қатынасы нарығын қалпына келтірудің арқасында Жерорта теңізінде тасымалдау есебінен 9 855 мың тоннаны құрады.

2021 жылғы 1 қаңтардан 8 қарашаға дейін ҚМГ магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі 81 851 млн текше метр болды. Бұл ретте 2020 және 2021 жылдардағы толық жылдық көлемдерді салыстырсақ, магистралды құбырларымен газ тасымалдау 10,2%-ға ұлғайды және 95 422 млн текше метрді құрады. Көрсеткіштердің өсуі негізінен орта азиялық газдың Ресей мен Қытайға транзиттік ағындарының ұлғаюына, сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығында газ тұтынудың өсуіне байланысты болды. Сонымен қатар ішкі нарықтың сұранысын өтеу үшін газ көлемінің бір бөлігін қайта бөлу салдарынан, сондай-ақ ірі өнім берушілердің тауарлық газ өндірісін азайтуы есебінен экспортқа газ тасымалдау көлемінің төмендеуі байқалды.

Газ тасымалдау[2], млн м³

8.11.2021 дейін

(100%)

8.11.2021 дейін

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

Интергаз Орталық Азия

54 874

54 874

57 753

-5,0%

Азиялық газ құбыры

41 611

20 805

19 888

4,6%

Бейнеу-Шымкент газ құбыры

10 709

5 354

6 347

-15,6%

ҚазТрансГаз Аймақ1

816

816

2 602

-68,6%

Жиыны

-

81 851

86 590

-5,5%

1 ҚазТрансГаз Аймақ (ҚТГА) 19.03.21 жылғы магистральдық газ құбырларын (МГ) және олардағы құрылыстарды сатып алу-сату шартын жасасты. Шарттың шеңберінде "Жаңаөзен-Ақтау" МГ  ИОА-ға берілді. Осыған байланысты, 2021 жылғы сәуірден бастап ҚТГА-да магистральдық тасымалдау есепке алынбайды.

Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өзі өндірілген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2021 жылы 1,5%-ға азайып, 21 673 мың тоннаны құрады, оның 63,4%-ы экспортқа жөнелтілді.

Меншікті өндірілген мұнай мен газ конденсатының 7 928 мың тоннасы ішкі нарыққа жеткізілді, оның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) 4 458 мың тонна көлеміндегі шикі мұнайы одан әрі өңдеп, мұнай өнімдерін сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), ПҚОП және ПМХЗ-ға жеткізілді.

2021 жылғы 1 қаңтардан 8 қарашаға дейінгі тауар газын сату көлемі 18 019 млн текше метрді құрады. Бұл ретте 2020 және 2021 жылдардағы толық жылдық көлемдерді салыстырсақ, олардың 0,8%-ға 22 473 млн текше метрге дейін шамалы төмендеуі байқалып отыр. Тауар газын сатудың 73,1% мөлшеріндегі басым үлесі тұтыну мөлшері 10,9%-ға өскен ішкі нарыққа тиесілі. Ресей мен Қытайға газ жеткізудің азаюы салдарынан экспорттық көлем 23,0%-ға төмендеп, 6 044 млн текше метрді құрады.

Көмірсутек шикізатын өңдеу

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

2021

(ҚМГ үлесіне)

2020

(ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ 

5 473

5 016

9,1%

ПМХЗ

5 407

5 004

8,1%

ПҚОП1

2 582

2 397

7,7%

Caspi Bitum

464

433

7,3%

Петромидия

4 586

4 864

-5,7%

Вега

321

364

-11,8%

Жиыны

18 833

18 077

4,2%

[1] ПҚОП өңдеу көлемі 50% үлесінде көрсетілген.

2021 жылы КСШ қайта өңдеудің жалпы көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға ұлғайды және 18 833 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында КСШ өңдеу көлемі 8,4%-ға артып, 13 927 мың тоннаны құрады. Есепті жылы барлық 4 мұнай өңдеу зауытында өңдеу көлемінің едәуір ұлғаюы өңдеудің пандемияға дейінгі көлемінің қалпына келуіне және орташа жылдық көрсеткіштерге оралуына байланысты болды;
  • Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарындағы өңдеу көлемі 6,1%-ға азайды және 4 907 мың тоннаны құрады. 2021 жылғы 2 шілдеде Петромидияда дизель отынын гидротазарту қондырғысында өрт шығуы салдарынан зауыттың үш айға толық тоқтауына байланысты өңдеу көлемі төмендеді. Зауыт 2021 жылдың 24 қыркүйегінде іске қосылды.

2021 жылы қазақстандық және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,5%-ға артып, 17 404 мың тоннаны құрады:

  • Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 12 614 мың тонна мұнай өнімдерін өндіріп, өткен жылдың көрсеткіштерінен 7,7%-ға көп болды. Бұл 2021 жылы мұнай өнімдеріне сұраныстың қалпына келуімен байланысты;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 4 790 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2020 жылдың көрсеткіштерінен 6,3%-ға төмен.

ESG

2021 жыл ҚМГ компаниялар тобы бойынша табиғатты қорғау қызметіне назар аударуды арттыру, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету, сондай-ақ жаңа экологиялық талаптар мен жаһандық үрдістерге сай болу үшін шаралар қабылдау мақсатында Экология жылы болып жарияланды.

Компания атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайта алды - 2017 жылмен салыстырғанда шығарындылар 19%-ға төмендегені байқалады. Мұнай қалдықтарын кәдеге жарату және мұнаймен ластанған, оның ішінде тарихи жерлерді тазарту жөніндегі іс-шаралар барынша орындалуда. Sustainalytics тәуелсіз рейтинг агенттігінің бағалауы бойынша ҚМГ ESG рейтингі 2020 жылғы 69 балдан 2021 жылы 72 балға дейін көтерілді. ESG тәуекел рейтингінің деңгейі 2021 жылы 28,4 балға дейін жақсарды. 2020 жылы бұл көрсеткіш 34,7 балды құраған. Көрсетілген нәтижелер Ұлттық компанияға тәуекелдің орташа деңгейінің диапазонына көшуіне мүмкіндік берді және енді ҚМГ әлемдегі мұнай-газ саласындағы 251 компанияның ішінде 16-шы орынды алып отыр.

Бұдан басқа, есепті жылы негізгі акционер «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен корпоративтік басқару диагностикасы жүргізілді. ВВВ рейтингі берілген осы диагностиканың нәтижесі Компанияның корпоративтік басқару жүйесінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. 2018 жылы В рейтингі берілген еді. Диагностика оң трендтердің ішінен Директорлар кеңесі мен атқарушы органның, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит, тұрақты дамудың тиімділігі саласы айтарлықтай жақсарғанын көрсетіп отыр.

Өлшем бірлігі

2021

2020

%

IOGP1

NOx шығарындылары

КСШ өндірудің 1 000 тоннасына шаққандағы тонна

0,24

0,22

9,1%

0,29

SOx шығарындылары

0,23

-4,3%

0,19

Ілеспе мұнай газын жағу қарқындылығы

2,1

2,2

-4,5%

8,0

Жұмыс уақытын жоғалта отырып, жазатайым оқиғалар коэффициенті (LTIR)

1 млн адам-сағат

0,31

0,25

 24,0%

0,20

Өлімге әкелген оқиғалар коэффициенті (FAR)

100 млн адам-сағат

2,93

0,0

0,56

[1] IOGP (Халықаралық мұнай өндірушілер қауымдастығы) 2020 жылғы қолжетімді көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).

[1] Газ тасымалдау, сондай-ақ «Амангелді Газ» кәсіпорнындағы газ және конденсат өндіру жөніндегі 2021 жылғы деректер «ҚазТрансГаз» АҚ («QazagGaz» ҰК АҚ) акцияларының 100%-ы 2021 жылғы 9 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына берілуіне байланысты 1 қаңтардан 8 қарашаға дейінгі кезеңдегі көлемді ескереді.

[2] 2021 жылдағы газ тасымалдау деректері 1 қаңтар мен 8 қараша аралығындағы кезеңді қамтиды. 2021 жылғы 9 қарашада «ҚазТрансГаз» АҚ-ның («QazagGaz» ҰК АҚ) 100 пайыз акциялары «Самұрық-Қазына» қорына берілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>