Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Алик Айдарбаев Chevron вице-президентімен кездесті

04.02.2022

Бейсенбі, ақпанның 3-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен кездесу өткізді.

Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, соның ішінде Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының іске асырылуын және Қарашығанақ жобасының бұдан арғы дамуын талқылады.

Алик Айдарбаев төтенше жағдай кезінде ҚМГ компаниялар тобы кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданғанын атап айтты.

«ҚазМұнайГаз» кәсіпорындары өздерінің өндірістік процестерін тоқтатпай, жұмысты қалыпты режимде сақтап тұрды. Ұлттық оператор ретінде біздің қорымыз жеткілікті және үшінші тараптар алдындағы өз міндеттерімізді орындап келеміз», – деп атап өтті А.Айдарбаев.

«Chevron Қазақстанда ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Біз сенімді серіктес ретінде сіздерге қашанда қолдау көрсетуге дайынбыз. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен ынтымақтастығымызды жоғары бағалай отырып, орын алған қасіретті қайғыға ортақтастық білдіреміз», – деді Д. Джонсон.

Сонымен қатар, әңгіме барысында екі тарап мұнай-газ химиясы өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>