Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГазда денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар байқауының қорытындысы шықты

30.12.2021

ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Компаниялар тобының қызметкерлері арасында денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» байқауының қорытындысын шығарды.

Байқауға ҚМГ-ның 18 еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері қатысты, барлығы 178 өтінім келіп түсті.

Жұмыстарды іріктеудің басты критерийлері мыналар болды:

  • Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көшбасшылық.
  • «ҚазМұнайГаз» тобының барлық компанияларына тарату мүмкіндігі – идеяны/тәжірибені енгізу мен іске асыру ауқымдылығы.
  • Өзіндік құны төмендету, қауіп-қатер деңгейін азайту, оқиғаларды болдырмау және оның салдары үшін жауапкершіліктің алдын алу есебінен құндылықты арттыру.

Іріктеуді арнайы комиссия үш кезеңмен жүргізді: бірінші кезеңде идеяларды еншілес ұйымдар қарастырды, екінші кезеңде – ҚМГ құрылымдық бөлімшелері және соңғы үшінші кезеңде компания басшылығы қарады.

Іріктеу нәтижелері бойынша бірінші орынды «ҚазТрансОйл» АҚ еңбекті, денсаулықты қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және төтенше жағдайлар бөлімінің бас менеджері Әнуар Нұрмаханбетұлы Қалтаев алды. Ә. Қалтаевтың идеясы қауіпсіздік дөңгелегін (Safety Wheel) пайдалануды көздейді – бұл жұмыстарды орындау кезіндегі қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді анықтауды жақсарта алатын көрнекі құрал-жабдық. Идеяны енгізу жазатайым оқиғаларды, өндірістік жарақат алуды және басқа да оқиғаларды болдырмау мақсатында күнделікті қызметтегі (соның ішінде тұрмыстағы) қауіп-қатерді қосымша бақылауға септігін тигізеді.

Екінші орында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері – электромонтер Дечев Сергей Дмитриевич және аға инженер Порох Иван Сергеевич. Ұжымдық өтінімде «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кәсіпорындарында еңбекті қорғау саласындағы оқытуды енгізу ұсынылады. ARPort SafetyVR (немесе өзге өндірушілердің) платформасы виртуалды және толықтырылған шынайылықта өндірістік дағдыларды және жұмыстарды қауіпсіз орындауға үйретуге мүмкіндік береді. VR тәжірибелер биіктікте орындалатын жұмыстарды, электр қуатымен, газ және өрт қауіпті жұмыстарды, алғашқы жәрдем көрсетуді қамтиды.

Үшінші орынды «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС инженері Балдырған Аманбекқызы Өмірбекова иеленді. Өтінімде «Қызметкердің цифрлы төлқұжаты» ұсынылған. Бұл модуль ҚазМұнайГаздың халықаралық «Vision zero» нөлдік жарақат алу тұжырымдамасын қосылғанына байланысты аса өзекті болып тұр. Төлқұжатты «1С: кәсіпорын» бағдарламасы негізінде құру ұсынылады. Ол көптеген талаптарды, соның ішінде жеке қорғаныс құралдары, арнайы киім, медициналық тексеру, жұмыс орнының қауіп деңгейі, қызметкердің жұмыс орнында жасайтын барлық бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын болады. Сонымен қатар, Б. Өмірбекова ұсынған модуль медициналық тексерістен өту керектігі жөнінде, білім деңгейін тексеру күндері мен нәтижелері туралы, арнайы киімнің тозатын мерзімінің жақындағаны туралы еске салады, қайта бұзушылық кезінде ескерту хабарламаларын тарату мүмкіндігі қарастырылған.

Жеңімпаздар желтоқсанның 15-і күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты онлайн-шара барысында марапатталды.

Денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер байқауы жыл сайын өткізіледі. Байқау мақсаты – ҚМГ компаниялар тобы бойынша қызметкерлердің қауіпсіз өндірістік жұмыстарды қамтамасыз етудегі ынтасы мен материалдық қызығушылығын арттыру, өндірістік жарақаттың алдын алу, қоршаған ортаға жағысыз әсердің деңгейін азайту және тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізу.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>