Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Шелл» концерні мен «ҚазМұнайГаз» бірлескен инновациялық жобасы – Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі алғашқы геохимиялық зертхана кешенін іске қосу

14.04.2015

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шетелдік инвесторлар кеңісінің 26-пленарлық мәжілісінің нәтижелері бойынша хаттамалық шешімдеріне сәйкес бекітілген «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-технологиялық дамуы жол картасын» жүзеге асыру аясында «Шелл» концерні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп Атырау қаласында, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС базасында Қазақстанда халықаралық деңгейдегі алғашқы геохимиялық зертхана кешенінқұру жұмыстарын жүргізді.

2015 жылдың 13 сәуірінде Атырау қаласында, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС-да ҚР Үкіметінің және мұнай-газ секторының жетекші компанияларының өкілдерінің қатысуымен жаңа геохимиялық зертхана ресми түрде ашылды.

Қазақстандағы «Шелл» концерні Төрағасының орынбасары Келжанов Құралбек Қошкелдіұлы: "Бұл зертханалық кешен, Қазақстанның мұнай саласы тарихының жаңа беттерін ашады деген пікірдемін, себебі, көмірсутегі шикізатының жаңа қорларын ашу және миллион долларды үнемдей отырып, мұнай операцияларын әлдеқайда арзанырақ орындау мүмкіндігі бар. Осы жылдың соңына қарай зертханаға біздің елімізден ғана емес, сонымен қатар жақын орналасқан мемлекеттерден де тапсырыстар беріле бастайды деген үміттеміз. Ақ жол болсын!"

Жаңа геохимиялық зертхана геологиялық барлау, игеру және өндіру саласында инновациялық геохимиялық зерттеулер жүргізетін болады. Зертхананың жұмысында стандартты зерттеулерден басқа Қазақстанда осы саланың өзекті проблемаларын шешуде маңызды рөл атқаратын жаңа технологиялардың сан-алуан түрлері, оның ішінде геохимиялық «фингерпринтинг» (дактилоскопия) пайдаланылатын болады.

Осы жаңа технологияларды және «ноу-хауды» пайдалану кен орындарын игеру бағдарламаларында олардың экономикасын жақсарту, пайдалану мерзімін ұзарту, дебиттерді ұңғылардың аз қорымен және барынша аз шығындармен көбейту мақсатында пайдалануға болатын, сапа тұрғысынан жаңа деректер алуға мүмкіндік береді.

«Шелл» концерні «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС-на тегін берілетін ең жаңа қондырғыларды сатып алуға қаржы бөлді, оларды іске қосу, бапқа келтіру жұмыстарын жүргізді және жергілікті мамандарды оқытуды ұйымдастырды. Жаңа зертханалық кешен «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС пайдалануына толық дайын күйінде беріледі.

«Шелл» концерні жаңа қондырғылармен тиімді жұмыс істеу және талдамалы міндеттерді орындау үшін сараптамалық қолдау және зертхана қызметкерлерін мамандандырылған оқыту да ұсынады. Оқыту 2015 жылы бірнеше кезеңмен жүргізілетін болады. 2015 жылдың соңына қарай «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС халықаралық деңгейдегі коммерциялық қызметтер көрсетуді бастай алады деп жоспарлануда. Болашақта Қазақстанның геохимиялық зерттеулер саласында алдыңғы қатарлы білімдердің орталығы және өңірлік көшбасшы болу мүмкіндігі бар.

РЕДАКЦИЯҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ:

· 2013 жылы «Шелл» компаниясының үйлестірумен және Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-технологиялық дамуы жол картасын» дайындау жұмыстары аяқталды.

· Осы жоба сектордың технологиялық дамуын жалпы болжауға қол жеткізуде Қазақстанның мұнай-газ қауымдастығының 300 аса өкілдерін біріктірген, бірегей ұжымдық шара болды.

· ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шетелдік инвесторлар кеңісінің 2013 жылдың мамыр айында өткен 26-пленарлық мәжілісінің нәтижелері бойынша хаттамалық тапсырмаларына сәйкес ҚР Үкіметіне «Жол картасын» іс жүзінде жүзеге асыру, ал мұнай-газ секторының компаниялары мен ұйымдарына белгіленген басымдылықты бағыттарда жұмыс істеуге қатысу ұсынылды.

· Энергетика Министрлігі қызметтің KAZENERGY қауымдастығы тарабынан жалпы үйлестірілуімен бірге «Жол картасы» бойынша жұмыстарды алға жылжытуды қолдауды, бақылауды және оларға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

· 2013 жылдың 9 қазанында «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» компаниясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-технологиялық дамуы жол картасын» жүзеге асыру аясында кен орнының геологиялық-физикалық сипаттамасы саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін зерттеуге қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Қазақстан, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19

тел. +7 (7172) 976281, 976261, 976242

www.kmg.kz, e-mail: press@kmg.kz

«Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» компаниясы, Сыртқы тараптармен жұмыс бөлімі.

тел: +7 7172 555 444 (ішкі нөмір 1305), Zarina.Aisengaliyeva@shell.com

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>