Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша PwC Kazakhstan топ-50 рейтингісінде көш бастады

23.12.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік есептердегі қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша 50 үздік компаниялар рейтингісінде екінші жыл қатарынан көш бастап келеді.

Рейтингті PwC Kazakhstan компаниясы өткізді және оған 96 ұйым қатысты. Зерттеу аясында 2021 жылы жарық көрген қазақстандық компаниялардың жылдық есептері мен тұрақты даму туралы есептеріндегі ESG-ақпаратының сапасы мен қолжетімділігіне бағалау жүргізілді.

Рейтинг мақсаты – қазақстандық компаниялардың ESG-ақпаратын қалай ашатынын бағалау, осы саладағы озық тәжірибені анықтау және бұдан арғы дамуы үшін нұсқау беру.

Рейтинг әдістемесі 76 критерийді қамтиды. Әрбір критерийге баға (1-ден 10-ға дейін) беріледі. Бағалау критерийлері тұрақты дамуды басқару, әлеуметтік саясат, экологиялық әсері және корпоративтік басқару сияқты ақпаратты беру блоктарын қамтыды. Бұдан бөлек ақпарат таныстырылым анықтығына және сапасына қосымша балл берілді.

«Қазақстандық компаниялардың есептерінде ESG-ақпаратын ашу сапасы артып келеді. «Тұрақты дамуды басқару» бөлімі бойынша ақпарат берілу сапасы әлдеқайда жақсарған. Аталған бөлімде ESG-саясаты мен тәсілдерінің сипаттамасы, тұрақты даму саласындағы стратегияны ашу жолдары бағаланды. Компаниялар көп жағдайда халықаралық бастамаларды ұстанады. Компаниялардың басым бөлігі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын қолдайтынын мәлімдеді (2019 жылы 30% болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 46%)», - делінген PwC Kazakhstan есебінде.

«ҚазМұнайГаз» 2031 жылға дейінгі стратегиясында тұрақты дамуды басым мақсаттарының бірі ретінде айқындады. Ол тұрақты даму қағидаттарын басты бизнес-процестермен, операциялық қызметпен және шешім қабылдау процестерімен біріктіруге бағытталған. Біз ESG-тәуекелдерін ескере отырып, аталған қағидаттарды бизнес-процестерімізді жетілдіру жолымен өз қызметімізге бірте-бірте енгізудеміз»- деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«ҚазТрансОйл» АҚ да рейтинг көшбасшыларының үштігіне енді.

Рейтинг нәтижелерін сілтеме бойынша оқи аласыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>