Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

15.12.2021

Желтоқсанның 15-сі күні «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Еліміздің ұлық мерекесіне арналған онлайн форматтағы жиынға әр өңірде орналасқан еншілес кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Компания басшылығы Тәуелсіздігіміздің отыз жылы ішінде еліміздің қолжеткізген жетістіктеріне тоқталып, мұнай-газ саласы дамуының маңызды кезеңдерін атап өтті.

Басты мемлекеттік мейрам қарсаңында еліміздің және өңірдің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Атап айтқанда, «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті жедел басқару департаменті орталық инженерлік-техникалық қызметінің ауысым бастығы Мәлік Жүнісов «Құрмет» орденімен марапатталды.

III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені «Қаражанбасмұнай» АҚ №2 мұнай өндіру цехының операторы Төлеген Быкиловқа табыс етілді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссормұнайгаз» басқармасының № 2 Қарсақ мұнайгаз өндіру цехының бастығы Лұқпан Бисалиев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнай» өндірістік басқармасының мұнай газ операторы Жұмабек Сегізбаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының операторы Қонақбай Кузекенов, «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірісті автоматтандыру цехының бастығы Амангелді Самиев және «Өзенмұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстары басқармасының операторы Расул Юсупов марапатталды.

Бұдан бөлек, мұнайшыларға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгілері, KAZENERGY қауымдастығының медальдары және ҚМГ Құрмет грамоталары берілді.

Жалпы, ҚМГ компаниялары тобы бойынша 500 қызметкерге наградалар мен марапаттар, соның ішінде 21 адамға мемлекеттік наградалар табысталғанын атап өтеміз.

«30 жылдың ішінде еліміз биік белестерді бағындырып, толағай табысқа жетті. Мемлекет құру жолындағы барлық қиындықты еңсеріп, жарқын болашаққа жету үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Еліміздің дамуына қажетті ауқымды әрі жан-жақты реформалар жүргізілді. Қазақстан зайырлы, құқықтық, демократиялық және экономикасы дамыған мемлекетке айналды. Бүгінде елімізді бүкіл әлем жұртшылығы тұғыры мығым, іргесі берік, қуаты зор жасампаз мемлекет ретінде біледі, құрметтейді.

Осы жетістіктердің бәріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында қол жеткіздік.

Қазір Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының елдік саясатын абыроймен жалғастырып, ұлт мүддесін қорғау жолында жемісті қызмет етуде.

Егемен елімізді өркендетуде мұнай-газ саласының да орны ерекше болды. Мұнайшылар өндірген қара алтынның әрбір тамшысы еліміздің еңсесін тіктеп, аяғына нық тұруына зор үлес қосты», - деді өз сөзінде ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлері арасында денсаулықты сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» атты жыл сайынғы байқаудың қорытындысы жария етілді. Биыл бірінші орынды «ҚазТрансОйл» АҚ еңбекті қорғау, денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар бөлімінің бас менеджері Әнуар Қалтаев жеңіп алды. Екінші орын «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС мамандарына - электромонтер Сергей Дечев және аға инженері Иван Порохқа бұйырды. Үшінші орынды «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС инженері Балдырған Өмірбекова иеленді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>