Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» мұнай-газ саласы ардагерлерінің қатысуымен Сарапшылар кеңесін құрды

08.12.2021

Желтоқсанның 6-ы күні құрамына мұнай-газ саласының ардагерлері және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері кірген Сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.

Кеңес «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық аясында құрылып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өндірістік мәселелері бойынша жекелеген шешімдердің қабылдануына саланың тәжірибелі мамандарын тартуға жәрдемдеседі.

Айталық, консультативтік орган мұнай-газ саласын нормативтік-құқықтық реттеуге сарапшылардың ұсыныстарын әзірлеуге атсалысады, компанияның өндірістік қызметін іске асыруда сараптамалық және консультациялық қолдау көрсетеді, сондай-ақ жеке бастамаларды көтереді.  

«Біз сіздердің өмірлік мол тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер біздің өндірістік процестерімізді жетік білуімен қатар еліміздің мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен дамуына зор еңбек сіңіріп, бел ортасында болдыңыздар. Біз өзара ынтымақтаста жұмыс істеп, ұлттық компанияның одан әрі өсіп-өркендеуі жолында алға қойылған мақсаттарға жетуде тиімді шешімдер қабылдайтынымызға сенімдімін», – деп атап өтті кездесу барысында ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Отырыс барысында қатысушыларға 2022-2031 жылдарға арналған компанияның жаңартылған даму стратегиясы, сондай-ақ Төмен көміртекті дамытудың бағдарламасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, ұлттық компанияның қазіргі жағдайы, мұнай өндіру мен қорларды көбейту, ескі кен орындардағы негізгі жұмыстар, енгізіліп жатқан жаңа технологиялар жайлы айтылды.

«Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз бизнесін әртараптандырып, мұнай-газ химиясын саласын дамыта отырып, жаңа қызмет бағыттарын ашып жатқандығы қуантады. Өз тарапымыздан біз, мұнай-газ саласында ұзақ жылдар еңбек еткен, бай тәжірибесі бар мамандар ұлттық компанияның қызметіне жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», – деді ҚМГ Сарапшылар кеңесі ардагерлерінің төрағасы Болат Елеманов.

Сарапшылар кеңесінің отырыстарын алдағы уақытта да  өткізіп тұру жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>