Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бесінші жыл қатарынан экологиялық ашықтық рейтингісінде көш бастап келеді

03.12.2021

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), Creon Group және АКРА рейтинг агенттігі 2021 жылдың еуразиялық «Мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпараттың ашықтығы рейтингісінің» қорытындысын шығарды. Қорытындының онлайн-таныстырылымы 2021 жылдың 30 қарашасында ТАСС баспасөз орталығында өтті. Рейтингте 22 ресейлік мұнай-газ компаниясы, сондай-ақ Қазақстаннан 14 кәсіпорын және екі ұйым Әзірбайжаннан ұсынылды.     

Қазақстандық компаниялар арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бесінші жыл қатарынан көш басын ешкімге бермей келеді. Екінші орынды «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» иеленсе, үшінші орынды «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» алды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бизнестің экологиялық жауапкершілігі жолымен келе жатыр, қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйесін дамытуды жалғастыруда, осы мәселе бойынша барлық мүдделі тараптармен диалог жүргізіп келеді. Осы арқылы Компания қызметінің маңызды экологиялық аспектілері туралы мүдделі тараптар алдында ашық коммуникацияларды қамтамасыз ету, хабардар ету және тұрақты есеп беру бойынша өзінің міндеттерін орындайды», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов. 

«Рейтингтің ұзақ жылғы қорытындысы бірқатар мұнай-газ компаниясының жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Бұл олардың еуразиялық экономиканы декарбонизациялауға деген мұқият дайындығының дәлелі. Декарбонизацияны осы компаниялардың қатысуымен ғана іске асыруға болады», - деді рейтингтің тең құрылтайшысы, Creon Group Директорлар кеңесінің төрағасы Фарес Кильзие.

Рейтинг туралы

Мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпарат ашықтығының тәуелсіз рейтингін қамтитын «Здравый смысл» жобасы Қазақстанда 2017 жылы Creon Group және Ресейдегі WWF ұйымы бастамасымен іске асырыла бастады. Рейтингі серіктесі – АКРА РМ рейтинг агенттігі. Жобаның ұзақ мерзімді міндеттері – еуразиялық кеңістікте мұнай-газ саласындағы экологиялық ашықтықты дамыту және ESG (Environment Social Governance) факторларын ескере отырып, тұрақты даму моделіне көшу барысында оған жан-жақты жәрдемдесу. Рейтинг жылына 0,5 млн тоннадан астам мұнай мен газ конденсатын өндіретін мұнай-газ компанияларының экологиялық ашықтығын зерттейді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>