Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің 70%-ы екпе алды

29.11.2021

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 46 мыңнан аса қызметкері немесе жалпы адам санының 70 пайызы коронавирус індетіне қарсы екпе салдырды. Қызметкерлердің 43 мыңнан астамы вакциналаудың толық курсын (66%) алды. Бұл ретте орталық аппаратта, сондай-ақ 47 еншілес және тәуелді ұйымда вакцинамен қамту 60% деңгейіне жеткенін атап өткен жөн. Бұдан бөлек, жекелеген мекемелерде толық вакциналанған қызметкерлер саны 90%-дан асады, оның ішінде Қазгермұнайда – 97%, Шымкент мұнай өңдеу зауытында - 96%, Павлодар мұнай-химия зауытында - 95%, «KPI Inc.» кәсіпорнында - 92%.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде маңызды элементтің бірі. Қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде вакцина алғандардың үлесі 60%-ға жетпеген және ұжым арасында «антиваксерлік» көзқарастары бар кейбір еншілес компанияларға ден қойылады. Ұлттық компанияға қарасты мекеме ұжымдарымен екпе салдырудың маңыздылығы, қажеттілігі мен қауіпсіздігін түсіндіру бойынша кешенді жұмыс үнемі жүргізіліп тұрады. Білікті медицина мамандары шақырылып, кездесулер ұйымдастырылады, қажетті ақпарат корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Жергілікті органдармен және кәсіподақтармен өзара ынтымақтастық дұрыс жолға қойылған.

«Біз «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының барлық қызметкерлеріне ортақ қауіпсіздік пен денсаулық мәселесіне жауапкершілікпен қарағандары үшін алғысымызды білдіреміз. Жаппай вакциналау мен компанияда жасалған жағдайлардың нәтижесінде қызметкерлер арасында ауру жұқтыру көрсеткіштері азайды. Дегенмен біз осымен тоқтап қалмаймыз. Алдымызға жыл соңына дейін қызметкерлерді вакцинамен қамтудың 80%-на жету мақсатын қойып отырмыз», – деп атап өтті ҚМГ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов.

Еске сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында вирустан сақтандыру, эпидемияға қарсы шектеу шаралары жалғасып жатыр. Сонымен бірге компания тарапынан вакцина алуға барлық жағдай жасалған. Атап айтсақ, өндіріс орындары мен кеңселерде екпе салдыру пункттері ұйымдастырылған, қызметкерлерге вакциналаудың әр кезеңіне қосымша екі ақылы демалыс күні беріледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>