Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының 2021 жылдың 9 айындағы қаржылық нәтижелері

25.11.2021

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «КМГ», «Компания»), тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен 2021 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдың «Аралық қаржылық есептілігі» 34 халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялайды.

2021 жылдың тоғыз айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер[1]:

  • 2021 жылдың тоғыз айында түсім 43,7%-ке артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 792 млрд теңгені (11 284 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 86,8%-ке 1 590 млрд теңгеге дейін (3 743 млн АҚШ доллары) өсті;
  • Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 2021 жылдың тоғыз айында 7 есе 942 млрд теңгеге дейін (2 219 млн АҚШ доллары) өсті, бұл көрсеткіш 2020 жылдың тоғыз айында 136 млрд теңге (333 млн АҚШ доллары) болды. Бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 947 млрд теңгені (2 231 млн АҚШ доллары) құрады.;
  • Еркін ақша ағыны 2020 жылдың тоғыз айындағы 146 млрд теңгеге (357 млн АҚШ доллары) қарағанда 438 млрд теңгені (1 031 млн АҚШ доллары) құрады;
  • 2021 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша компанияның таза қарызы 2 240 млрд теңгені (5 262 млн АҚШ доллары) құрап, 2020 жылдың соңындағы 2 594 млрд теңге (6 162 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 13,6%-ке төмендеді;
  • 2021 жылғы 30 қыркүйектегі жалпы қарыз 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3%-ке төмендеп, 4 024 млрд теңгені (9 453 млн АҚШ доллары) құрады.

Өлшем бірлігі

9А2021

9А2020

%

Мұнай, Dated Brent 1

$/барр.

67,92

41,06

65,4%

Орташа бағам

теңге/ АҚШ долл

424,70

409,23

3,8%

Түсім

млрд теңге

4 792

3 334

43,7%

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

млрд теңге

761

323

135,2%

Таза пайда

млрд теңге

942

136

692,6%

Кезең ішінде бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда

млрд теңге

947

223

424,7%

EBITDA2

млрд теңге

1 590

851

86,8%

Түзетілген EBITDA көрсеткіші3

млрд теңге

986

578

70,6%

Еркін ақша ағыны4

млрд теңге

438

146

200,0%

Күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша)

млрд теңге

272

322

-15,5%

Күрделі шығындар (кассалық әдіс бойынша)

млрд теңге

269

293

-8,2%

Таза қарыз 5

млрд теңге

2 240

2 5947

-13,6%

Жалпы қарыз 6

млрд теңге

4 024

4 0787

-1,3%

1 Дереккөз: S & P Global Platts.

2 EBITDA = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес, нетто, минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

3 Түзетілген EBITDA көрсеткіші = түсім плюс бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивиденд минус сатып алынған мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің және басқа материалдардың өзіндік құны минус өндірістік шығыстар минус жалпы және әкімшілік шығыстар минус тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар минус табыс салығынан басқа салықтар.

4 Еркін ақша ағыны = операциялық қызметтен алынған ақша ағыны минус негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, инвестициялық жылжымайтын мүлікті және барлау және бағалау активтерін сатып алу плюс  Каспий құбыр консорциумына-К пайдасына қазақстандық құбыр активтерінің берілуіне байланысты бірлескен кәсіпорынға, Каспий құбыр консорциумына (КҚК) бұрын берілген қарыз бойынша түсімдер.  КҚК 2020 жылы ҚМГ алдындағы қарыз бойынша 38 млрд теңге мөлшеріндегі сыйақыларды толық өтеді.

5 Таза қарыз = ұзақ мерзімді қарыздар плюс ағымдағы қарыздар минус ақша қаражаты және олардың баламалары минус қысқа мерзімді банктік салымдар минус ұзақ мерзімді банктік салымдар. Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

6 Жалпы қарыз = ұзақ мерзімді қарыздар плюс ағымдағы қарыздар. Берілген кепілдіктер есепке енгізілмеген.

7 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша.

2021 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер         

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2020 жылдың тоғыз айындағы 16 423 мың тоннаға қарағанда, 15 923 мың тоннаны құрады;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылдың тоғыз айындағы 55 225 мың тоннаға қарағанда, 55 727 мың тоннаны құрады;
  • Газ тасымалдау 12,0%-ке ұлғайып, 71 036 млн текше метрді құрады;
  • Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 7,7%-ке артып, бір жыл бұрынғы 13 081 мың тоннаға қарағанда 14 083 мың тоннаны құрады.

9А2021

(ҚМГ үлесіне)

9А2020

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

15 923

16 423

-3,0%

Газ өндіру, млн м³

5 811

6 173

-5,9%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

55 727

55 225

0,9%

Газ тасымалдау, млн м³

71 036

63 448

12,0%

Мұнай өңдеу, мың тонна

14 083

13 081

7,7%

Өндірістік көрсеткіштер бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы ҚМГ-ның иелену үлесіне сәйкес және егер өзгесі көрсетілмесе, шоғырландырылған еншілес ұйымдар үшін 100% көрсеткіштері көрсетілген.

Толық ақпаратты 2021 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелер туралы баспасөз хабарламасынан мына сілтеме бойынша оқи аласыз.

2021 жылдың тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерге шолу

Түсім

2021 жылғы тоғыз айдағы түсім 4 792 млрд теңгені (11 284 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2020 жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 43,7%-ке жоғары. Түсім динамикасына негізінен өткен жылдың осындай кезеңімен салыстарғанда Brent Dated маркалы мұнай бағасының 65,4%-ке өсуі және теңгенің АҚШ долларына шаққанда орташа айырбастау бағамының 3,8%-ке әлсіреуі, сондай-ақ KMG International N.V (KMGI) мұнай және мұнай өнімдері трейдингі көлемінің ұлғаюы оң әсер етті. Түсімнің өсуі ОРЕС+ келісіміне сәйкес жекелеген кен орындарында өндірудің шектелуімен, сондай-ақ газ бен мұнай өнімдерін сату көлемінің төмендеуі салдарынан түсімнің азаюымен шектелді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесі

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес 2020 жылдың тоғыз айында 323 млрд теңгеден (790 млн АҚШ доллары) 2021 жылдың тоғыз айында 761 млрд теңгеге (1 791 млн АҚШ доллары) дейін ұлғайды. Негізінен бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес мынадай компаниялардың есебінен ұлғая түсті: «Теңізшевройл» ЖШС 304 млрд теңге (716 млн АҚШ доллары) мөлшерінде, «Азиялық газ құбыры» ЖШС 191 млрд теңге (449 млн АҚШ доллары) мөлшерінде, ҚМГ Қашаған Б.В. 58 млрд теңге (136 млн АҚШ доллары) мөлшерінде, Mangistau Investment B.V. («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ) 48 млрд теңге (112 млн АҚШ доллары) мөлшерінде.

EBITDA

EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың тоғыз айындағы 851 млрд теңгемен (2 081 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2021 жылдың тоғыз айында «Мұнай мен газды барлау және өндіру», «Газды сату мен тасымалдау», «Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу мен сату» және «Корпоративтік орталық» сегменттерінде EBITDA ұлғаюына байланысты өсімді көрсетіп, 1 590 млрд теңгені (3 743 млн АҚШ доллары) құрады.

Түзетілген EBITDA көрсеткіші

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлесті қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендті көрсететін EBITDA түзетілген көрсеткіші 2021 жылдың тоғыз айында 986 млрд теңгені (2 321 млн АҚШ доллары) құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 70,6%-ке артты.

Таза пайда

2021 жылдың тоғыз айында Компанияның таза пайдасы 2020 жылдың тоғыз айындағы 136 млрд теңгеден (333 млн АҚШ доллары) өсіп, 942 млрд теңгені (2 219 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайда мұнайдың орташа бағасының қымбаттауына, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске қатысты түсім мен кірістердің өсуіне, сондай-ақ 2021 жылғы тоғыз айда негізгі құралдардың құнсызданбауына байланысты ұлғайды.

Кезең ішінде бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 947 млрд теңгені (2 231 млн АҚШ доллары) құрады.

Өзіндік құн

Есепті кезеңде мұнай, газ, мұнай өнімдері мен өзге де материалдардың сатып алынатын өзіндік құны 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 65,6%-ке ұлғайып, мұнай сатып алудың орташа бағасы мен көлемінің ұлғаюына және теңгенің АҚШ долларына орташа айырбас бағамының әлсіреуіне байланысты 2 688 млрд теңгені (6 329 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл қайта сату үшін сатып алынған газ шығындарының төмендеуімен ішінара тегістелді.

Өзге шығыстар

2021 жылдың тоғыз айында өндірістік шығыстар 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ке аздап төмендеп, қысқа мерзімді жалдау бойынша шығыстардың төмендеуіне байланысты 544 млрд теңгені (1 281 млн АҚШ долларын) құрады.

Тасымалдау және сату бойынша шығыстар өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ке 317 млрд теңгеге дейін (745 млн АҚШ доллары) азайды.

Жалпы және әкімшілік шығыстар 4,6%-ке 103 млрд теңгеге дейін (244 млн АҚШ доллары) азайды, бұл өтелетін ҚҚС құнсыздануын қалпына келтіру, консультациялық қызметтер бойынша шығыстардың төмендеуіне байланысты болды.

2021 жылдың тоғыз айында табыс салығынан басқа салықтар 52,9%-ке ұлғайып, мұнайдың орташа бағасының өсуі нәтижесінде 312 млрд теңгені (734 млн АҚШ доллары) құрады.

Жалдау шарттары бойынша пайыздық шығысты қоса алғанда, қаржылық шығыстар 2021 жылдың тоғыз айында 205 млрд теңгені (482 млн АҚШ доллары) құрады, бұл жалдау шарттары бойынша шығыстардың өсуі нәтижесінде 2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ке жоғары болды, бұл көрсеткішке негізінен 2021 жылға арналған «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалға алудың жаңа шартымен және ҚТГ кеңсесі мен архив үй-жайларын жалға алудың ұзақ мерзімді шарттары ықпал етті.

Күрделі шығындар

2021 жылдың тоғыз айында күрделі шығындар (есептеу әдісі бойынша, сегменттік есептілікте ашылған) 2020 жылдың тоғыз айындағы 322 млрд теңгеден (788 млн АҚШ доллары) 15,5%-ке төмендеп, 272 млрд теңгені (639 млн АҚШ доллары) құрады. Кассалық әдіс бойынша күрделі шығындар 8,2%-ке төмендеп, 269 млрд теңгені (634 млн АҚШ доллары) құрады. Күрделі шығындар KMGI-де 2020 жылы жоспарлы жөндеу жұмыстарының орындалуына байланысты, ҚТГ-да 2020 жылдың есепті кезеңінде ірі инвестициялық жобалардың аяқталуына байланысты төмендеді.

Қарызды басқару

Борыштық жүктеме көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2021 жылғы 30 қыркүйек

2020 жылғы 31 желтоқсан

%

Облигациялар

млрд теңге

3 007

2 978

1,0%

Қарыздар

млрд теңге

1 017

1 101

-7,6%

Жалпы қарыз

млрд теңге

4 024

4 078

-1,3%

«Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС синдикатталған қарызы бойынша кепілдік міндеттемелері

млрд теңге

184

227

-18,9%

«АстанаГаз ҚМГ» АҚ синдикатталған қарызы бойынша кепілдік міндеттемелері

млрд теңге

1,7

1,9

-10,5%

Кепілдік міндеттемелерді қоса алғандағы жалпы қарыз

млрд теңге

4 210

4 308

-2,3%

Сандар дөңгелектеу салдарынан қосылмауы мүмкін.

2021 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен 1,3%-ке (доллармен 2,4%-ке ) азайып, 4 024 млрд теңгені (9 453 млн АҚШ доллары) құрады.

2021 жылғы 30 қыркүйектегі кепілдік міндеттемелерді ескере отырып, жалпы қарыз[2] 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда теңгемен есептегенде 2,3%-ке (доллармен есептегенде 3,4%-ке) азайып, 4 210 млрд теңгені (9 889 млн АҚШ доллары) құрады.

Есепті кезең ішінде АМӨЗ Eximbank-тен алынған кредитті 156 млн АҚШ доллары сомасына ішінара өтеді және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның 142 млн АҚШ долларына кредитін толық өтеді. АМӨЗ қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға 4 жыл өтеу мерзімімен жалпы сомасы 54 млрд теңгеге «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан ұзақ мерзімді қарыз алды. KMGI айналым капиталын қаржыландыру үшін Cargill-ден 50 млн АҚШ доллары сомасына, Banque de Commerce et de Plasements-тен 46 млн АҚШ доллары сомасына қысқа мерзімді қарыздар алды. KMGI сыйақыны қоса алғанда, 71 млн АҚШ доллары сомасында ING Bank NV-ден алынған қысқа мерзімді қарызды да ішінара өтеді.

ҚМГ-ның таза қарызы 2021 жылғы 30 қыркүйекте 2 240 млрд теңгені (5 262 млн АҚШ доллары) құрады, бұл теңгемен есептегенде 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 13,6%-ке төмен (доллармен 14,6%-ке төмен).

Ақшалай қаражат

Шоғырландырылған ақша қаражаты және депозит түріндегі баламалар мен ақша қаражаты

Өлшем бірлігі

2021 жылғы 30 қыркүйек

2020 жылғы 31 желтоқсан

%

Ақша қаражаты және олардың баламалары

млрд теңге

1 186

1 146

3,5%

Қысқа мерзімді депозиттер

млрд теңге

543

282

92,6%

Ұзақ мерзімді депозиттер

млрд теңге

55

57

-3,5%

Ақша қаражаты мен оның баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты

млрд теңге

1 784

1 485

20,1%

2021 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша шоғырландырылған ақша қаражаты мен оның баламалары және депозит түріндегі ақша қаражаты 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 20,1%-ға ұлғайып, 1 784 млрд теңгені құрады. Доллармен есептегенде шоғырландырылған ақша қаражаты мен оның баламалары 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 3 528 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 18,8%-ке 4 191 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Ақша қаражаты мен оның баламаларының ұлғаюы негізінен операциялық қызметтен түскен 707 млрд теңге (1 665 млн АҚШ доллары) сомасындағы оң таза ақша ағынымен және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда күрделі шығындардың төмендеуімен байланысты.

2021 жылдың басынан бергі басты корпоративтік оқиғалар:

  • 2021 жылғы 11 наурызда ҚМГ мен «Самұрық-Қазына» АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (ҚТГ) 100% жай акцияларына қатысты сенімгерлік басқару шартына қол қойды;
  • 2021 жылғы 30 наурыздан бастап 6,25 млрд АҚШ доллары жалпы сомасына ҚМГ еурооблигациялары Astana International Exchange ресми тізіміне енді;
  • 2021 жылғы 21 сәуірде ҚТГ 2021 жылғы 30 наурыздағы Келісім алу туралы меморандумға сәйкес шығарылым шарттарын оңтайландыруға 2027 жылы өтеу мерзімі бар ҚТГ еурооблигацияларын ұстаушыларының келісімін алды;
  • 2021 жылғы 30 сәуірде S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ҚМГ-ның кредиттік рейтингін «BB» деңгейінде «теріс» болжаммен растады;
  • 2021 жылғы 3 маусымда АМӨЗ бен Еуропалық Қайта құру және даму банкі 80 млн АҚШ долларын құрайтын теңгеге баламалы сомасына TAZALYQ жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды;
  • 2021 жылғы 4 маусымда ҚМГ мен «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 49,99%-ын сатып алу-сату шартына қол қойды;
  • 2021 жылғы 16 маусымда ҚМГ 2020 жылғы ҚМГ еурооблигацияларын шығару шарттарына сәйкес келтіруге 2025, 2027, 2030, 2047, 2048 жылдары өтеу мерзімі бар ҚМГ еурооблигацияларын ұстаушыларының келісімін алды;
  • 2021 жылғы мамырда 2020 жылдың дивидендтері жарияланғаннан кейін «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Ұлттық банкінің шешіміне сәйкес ҚМГ 3 тамыздағы жағдай бойынша 50 млрд теңге (118 млн АҚШ доллары) сомасына, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға 45 млрд теңге (107 млн АҚШ доллары) сомасына және ҚР Ұлттық банкіне 5 млрд теңге (11 млн АҚШ доллары) сомасына дивидендті толық төледі;
  • 2021 жылғы 12 тамызда «Moody's Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің көтерілуіне байланысты ҚМГ-ның кредиттік рейтингін «Baa3»-тен «Baa2»-ге дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам «жағымды»-дан «тұрақты»-ға өзгертілді;
  • 2021 жылғы 20 қыркүйекте Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі ҚМГ дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады (егеменді рейтингтен бір тармақ төмен), болжам «Тұрақты»;
  • 2021 жылғы 25 қазанда Sustainalytics халықаралық агенттігі тұрақты даму саласындағы ҚМГ рейтингісінің ESG тәуекел көрсеткішін 34,5 балдан 28,4 балға дейін жақсартты;
  • 2021 жылғы 27 қазанда ҚМГ-ның БШГҚ үшін кепілдігінің қолданысы тоқтатылды. БШГҚ қарызы бойынша кредиттік құжаттамаға өзгерістер енгізілді. Осы мәміле нәтижесінде ҚТГ шетелдік банктердің синдикаты алдындағы қарызы бойынша міндеттемелердің 100% кепілі болып табылады;
  • 2021 жылғы қарашада ҚМГ Директорлар кеңесі Компанияның 2022-2031 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясын және 2022-2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті дамытудың бағдарламасын бекітті;
  • 2021 жылғы 8 қарашада АМӨЗ Eximbank-тың валюталық қарызын қайта қаржыландыру мақсатында ВТБ тобының 38,2 млрд рубль сомасындағы қарызы бойынша іріктеу жүргізді. Қаражат Eximbank пайдасына резервке қоюға жіберілді, қаражат кесте бойынша 2022 жылғы қаңтарда есептен шығарылады. ҚМГ АМӨЗ міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің корпоративтік кепілдігін шығарды;
  • 2021 жылғы 9 қарашада Компания «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 100% акцияларын «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына берді. Мәміле сомасы – 1 теңге. Сол күні 2021 жылғы 11 наурызда ҚМГ мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында жасалған сенімгерлік басқару шартының қолданысы тоқтатылды.

[1] Сомалар қолайлы болу үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2021 жыл мен 2020 жылдың тоғыз айындағы орташа бағамдар сәйкесінше 424,70 және 409,23 теңге/АҚШ долларын құрайды; кезең соңындағы бағамдар – 2021 жылғы 30 қыркүйекте және 2020 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 425,70 және 420,91 теңге/АҚШ долларын құрайды).

[2] Бейнеу-Шымкент газ құбырының 184 млрд теңге (432 млн АҚШ доллары) сомадағы синдикатталған қарызы бойынша кепілдік міндеттемелердің номиналды сомасын, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ-ның 1,7 млрд теңге (4,0 млн АҚШ доллары) сомасындағы қарызы бойынша кепілдік міндеттемелерді қамтиды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>