Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ БӨ директорлар кеңесі 2015 жылға арналған бюджетті қайта қарады

02.04.2015

Астана, 2 сәуір 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2015 жылдың 30 наурызында директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында директорлар кеңесі 2015 жылға арналған бюджетке енгізілетін өзгерістерді бекітіп, 2015 жылдың 19 мамырына жоспарланан акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күнтәртібін мақұлдады.

I.  2015 жылдың бюджетіне өзгеріс енгізу

Директорлар кеңесі 2015 жылға арналған бюджетті қайта қарап, Брент маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 АҚШ долларын құрайды деген есеппен бекітті.

Өндіру

2015 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) жоспарланған өндіру көлемі 5,4 млн. тоннаны (тәулігіне 108 мың баррель) құрайды, «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) – 2,8 млн. тонна (тәулігіне 56 мың баррель). ӨМГ мен ЕМГ компанияларының 2015 жылғы жалпы өндіру көлемі 8,2 млн.тонна (тәулігіне 164 мың баррель) көлемінде жоспарланған, бұл 2014 жылдың желтоқсан айында бекітілген өндіріс жоспарына қарағанда 69 мың тонна, немесе 1%-ға төмен.

2015 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк. ( ПҚИ) компанияларында жоспарланған өндіріс көлеміндегі ҚМГ БӨ-нің үлесі өзгеріске ұшыраған жоқ және 1,5 млн. тоннаны (тәулігіне 32 мың баррель) құрады. Басқа екі компанияда сәйкесінше 1,1 млн.тонна (тәулігіне 19 мың баррель) және 1,4 млн. тонна (тәулігіне 31 мың баррель).

 Ішкі нарыққа жеткізілімдер

2015 жылы ішкі нарыққа жөнелтілетін шикізат көлемі азайтылды. ӨМГ мен ЕМГ-нің 2015 жылы ішкі нарыққа жөнелтетін міндеттемелері 2,3 млн. тоннаны (тәулігіне 47 мың баррель) құрайды деп жоспарланған, оның 1,9 млн. тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) ӨМГ қорларынан Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі, және 0,4 млн. тоннасы (тәулігіне 9 мың баррель) ЕМГ қорларынан Павлодар мұнай химия зауытына жөнелтіледі. ӨМГ мен ЕМГ қорларынан жөнелтілетін шикізат көлемінің бұған дейін жоспарланған көлемге қарағанда 0,7 млн. тоннаға (тәулігіне 13 мың баррель) кемуі Кенқияқ-Атырау мұнай құбырының реверсінің толық аяқталмауына байланысты. Атырау мұнай өңдеу зауытында қосымша 100 мың тонна мұнай Компанияның қажеттіліктеріне жарату үшін өңделеді.

ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларының ішкі нарыққа жоспарланған жеткізілімдеріндегі ҚМГ БӨ үлесі 2015 жылы 1,9 млн. тоннаны (тәулігіне 39 мың баррель), немесе компаниялардың жалпы сату көлемінің 48% құрайды. ҚГМ мен ПҚИ мұнайды Павлодар мұнай-химия зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауытына жөнелтеді, ал CCEL  Ақтау битум зауытына жеткізеді.

Күрделі салымдар

2015 жылы күрделі салымдар 84 млрд. теңге (457 млн. АҚШ доллары[1]) көлемінде жоспарланған, бұл 2014 жылдың желтоқсан айында бекітілген күрделі салымдар жоспарына қарағанда 30 млрд. теңгеге (164 млн. АҚШ доллары) немесе 26% кем, және 2014 жылғы күрделі салымдармен салыстырғанда 34% кем. Бұған дейін бекітілген жоспарға қарағанда инвестиция көлемін азайту эксплуатациялық бұрғылау ұңғымаларының санын 257-ден 179-ға дейін қысқартып, өндіріске тікелей әсер етпейтін ұзақ мерзімді жоспарларды кейінге шегеру арқылы  іске асырылады.

2015 жылы мұнай бағасы 50 АҚШ доллары көлемінде болса, Компанияның еркін ақша ағымдары теріс көрсеткіште болады деп күтілуде.

Директорлар кеңесі 2014 жылдың желтоқсан айында қабылданған бюджетті мұнай бағасы 50 АҚШ доллары есебінен түзетіп бекітті. Бұл өзгертілген бюджет 2015 жылғы ақша ағымдары мен пайда түсімі бойынша теріс көрсеткіштің қалыптасуына жол бермеу сияқты кейбір мәселелерді қосымша пысықтауды талап етеді. Компания бұл мәселелер бойынша үрдісті үнемі қадағалап, директорлар кеңесіне есеп беріп отырады, және қажетті түзетулер бюджетке енгізіледі.

II. Басқа да шешімдер

Директорлар кеңесі, сонымен қатар, экспортқа шығарылатын мұнай төлемінің шарттарын қайта қарады. Дебиторлық қарыз көлемін азайту үшін 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап рұқсат етілген төлем мерзімі 90 күннен 30 күнге дейін қысқартылады.

2015 жылғы шұғыл төлемдерді төлеуде кассалық айырмашылықтың пайда болуына жол бермеу үшін директорлар кеңесі ӨМГ-ге 37 млрд. теңге (200 млн. АҚШ доллары) көлемінде қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

III. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күнтәртібін бекіту

Директорлар кеңесі 2015 жылдың 19 мамырына акционерлердің жылдық жалпы жиналысын белгілеп, оның күнтәртібін бекітті.

Жиналыс күнтәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

- 2014 жылдың қаржылық есебін бекіту;

- Өткен қаржылық жылда түскен таза кірісті игеру тәртібі мен Компанияның бір акциясына есептелетін дивиденд мөлшерін анықтау;

- Компанияның 2014 жылға арналған жылдық есебін бекіту;

- 2014 жылы акционерлердің атынан  Компания мен оның жауапты тұлғаларына түскен арыз-өтініштерді қарастыру;

- 2014 жыл бойынша Компанияның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерін марапаттау  мөлшері туралы мәлімет.

IV. Дивиденд

2014 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға арналған дивиденд мөлшерін ҚМГ БӨ кейінірек, тәртіпке сәйкес жариялайды.

Директорлар кеңесінің қорытындысы бойынша инвесторлар мен сарапшыларға арналған конференц-қоңырау бүгін сағат 16:00-де (Астана уақыты) (11.00 Лондон уақыты боййынша) өтеді. 

Анықтама

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2014 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)

Әсел Қалиева

e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)

Елена Пак

e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)

Andrew Mitchell

e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

[1]Сомалар АҚШ долларына тек оқырманға ыңғайлы болуы үшін, 185 теңге/доллар бағамы бойынша есептелген

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>