Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Газ-химиялық кешен іске қосу-реттеу жұмыстарына дайындалуда

18.11.2021

Еліміздегі ең ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін «KPI Inc.» ЖШС зауыты іске қосу-реттеу жұмыстарына дайындық аясында азот пен құрғақ сығылған ауаны қабылдады.

Жобалық сызбаға сәйкес техникалық газдар «Air Liquide Karabatan Tech Gases» компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Air Liquide біріккен кәсіпорны) салған азот өндіретін криогенді қондырғыдан және ауаны құрғату мен сығу блогынан жеткізіледі.

Құрғақ сығылған ауа мен азот қабылдау – алдын ала іске қосу-реттеу жұмыстарының маңызды бөлігі. Құрғақ сығылған ауа технологиялық процестерді басқару жүйесінің, есептеу және бақылау аспаптарының, қысым мен пневмоқұралдардың жұмысын қамтамасыз етеді, құбыр желілері мен аппараттарды үрлеу және тексеру үшін пайдаланылады.

Газ тәріздес азот шикізатты қабылдау алдындағы технологиялық процестерде инертті газ ретінде, құбыр желілері мен аппараттарды үрлеу және тексеру үшін, апатқа қарсы қорғаныс, өрт сөндіру жүйелерінде, сонымен қатар жарылу қауіпін төндіретін ауамен араластырмау үшін пропиленді пневмокөлікпен тасымалдау және қауіпсіз сақтау жүйелерінде пайдаланылады.

Одан бөлек, табиғи газды қабылдау бойынша соңғы дайындық жұмыстары (контурларды тексеру, табиғи газ желісін сынау және үрлеу, факелді коллекторды дайындау) мен қазандық жабдықтары жеке сынақтан өткізілуде.

Еске салайық, жазда зауыт «Karabatan Utility Solution» ЖШС-нен басты қосалқы станцияға электр энергиясын, кейін бастапқы тұзсыздандырылған, минералсызданған және техникалық суды сәтті қабылдады.

Осылайша, зауыт іске қосу-реттеу жұмыстарына, іске қосу және өндіріске қажетті барлық ресурстарды қабылдауды аяқтауда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>