Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті

12.11.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Директорлар кеңесі Компанияның 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті.

Алдағы он жылда Компанияның өсуі ағымдағы өндірістің тиімділігі, жаңа бағыттарды дамыту, энергия үнемдейтін заманауи технологияларды енгізу және көміртегі ізін азайту есебінен қамтамасыз етіледі. Стратегияда мынадай басты даму бағыттары айқындалған:

  1. Дәстүрлі қызмет, сондай-ақ перспективалы бағыттар үшін жеткілікті болатын ресурстық базаны ұлғайту;
  2. Мұнай өндіру, тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі қызметтен барынша мол пайда табу және қазіргі құн тізбегінің тиімділігін арттыру;
  3. Мұнай-газ химиясы саласы жаңа мұнай-газ химиясы кәсіпорындарын құру арқылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының өсіп-өркендеуіне тың серпін беріп, арзан шикізатқа жол ашады;
  4. Қызметтің барлық бағыты бойынша тұрақты даму және өндірістің көміртек сыйымдылығын кезең-кезеңімен төмендету.

Сонымен қатар ҚМГ Директорлар кеңесі 2022-2031 жылдарға арналған төмен көміртекті дамыту бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама Компанияның климаттық амбицияларын, көміртегі ізін азайту бойынша негізгі тәсілдер мен шараларды айқындайды.

Атап айтқанда, 2031 жылға қарай ҚМГ энергия тиімділігі және энергияны үнемдеу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану шаралары есебінен көмірқышқыл газының ауаға шығарылуын 2019 жылдың деңгейінен 15%-ға қысқартуды (1,6 млн тонна СО2) көздеп отыр.

– Жаһандық сын-қатерлер мен жаңашылдықты ескере отырып, біз қазіргі заман талаптарына бейімделіп, бәсекеге қабілеттілігімізді одан әрі арттырамыз. Сондықтан компания өзінің Даму стратегиясын әзірлеп бекітті. Алдағы он жылда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қандай бағытта дами түсетіні бойынша нақты жоспарымыз бар. Компанияның тұрақты дамуы, кредиттік рейтингтерді сақтау, іске асыру үшін басымдықты жобаларды анықтау жөніндегі жұмысымыз жалғасын табады,– деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>