Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Авиаотын өндірудің қазан айындағы жоспары толық орындалуда – «ҚазМұнайГаз»

28.10.2021

Осы жылдың қазан айында отандық мұнай өңдеу зауыттары авиаотын өндіру жоспарын толық орындауда.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес 2021 жылғы қазан айындағы авиаотын өндіру көлемі 35 мың тоннаны құрады.

Қазанның 28-і күнгі жағдай бойынша Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттары 36,2 мың тоннаны өндіріп шығарды. ҚР Энергетика министрлігінің тапсырмасын ескеріп, отандық мұнай өңдеу зауыттары осы айдың соңына дейін қосымша 2 мың тонна авиаотын өндіреді. Осылайша, қазанда жиынтықты авиаотын өндірісі 38,2 мың тоннаны құрайтын болады.

Осы айда Атырау, Шымкент және Павлодар зауыттарынан барлығы 42,4 мың тонна (бұрын өндірілген көлемді есепке алғанда) авиаотын жөнелтілді.

Қазіргі уақытта отандық мұнай өңдеу зауыттарында 6,9 мың тонна авиаотын қоры бар.

Әуе қатынасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жеткілікті авиаотын қорын уақтылы қалыптастыру мәселесі әуежайлар мен әуе компаниялардың құзыретінде екенін хабарлаймыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>