Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды – «ҚазМұнайГаз»

28.10.2021

Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, іске қосу операцияларын бастады. Қарашаның 1-нен «ПМХЗ» ЖШС барлық өнім түрлерін қайта шығара бастайды.

Осындай жұмыстарды жүргізу үшін қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан, зауыт ұжымы қойылған міндетті жоспарланған мерзімнен бұрын сәтті орындап шықты.

Барлығы 933 бірлік технологиялық құбырдың, 19 бірлік  техникалық бу құбырдың және 300 бірлік құрал-жабдықтың техникалық куәландырылуы, ревизиясы мен сараптамасы жүргізілді.

Зауытты жөндеу барысында бірқатар ірі жұмыстар атқарылды: мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінде колонна ауыстырылды, құрамында сутегі бар газ желісі мен су қайнатқышы жөнделді, мұнайды терең өңдеу өндірісінде пештердің газ өткізгіштері, трансферлік желі, қосарланған жылу алмастырғыш пен сепараторлар ауыстырылды.

Мұнайды бастапқы және терең өңдеу өндірістерінде биіктігі 180 және 120 метр түтін мұржаларының коррозияға қарсы қорғау жұмыстарын атап өткен жөн.

Жөндеуге кәсіпорын қызметкерлерінен бөлек мердігерлік ұйымдардың 1241 жұмыскері жұмылдырылды. Жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы, сондай-ақ зауыт пен мердігерлік ұйымдар ұжымының қажырлы еңбегі жоғарыда аталған барлық шараларды орындап, кәсіпорынды мерзімінен бұрын іске қосуға мүмкіндік берді.

Жөндеу кезінде атқарылған барлық шара өндіріс қауіпсіздігін лайықты деңгейде сақтап тұруға, зауыт шығаратын мұнай өнімдерінің сапасы мен барлық экологиялық көрсеткіштердің сақталуына септеседі.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар мұнай-химия зауытын жөндеу мерзімі үш рет кейінге қалдырылған болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>