Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Энергетика министрлігі, Самұрық-Қазына, ҚазМұнайГаз және Total Қазақстанда баламалы энергетиканы дамыту туралы уағдаласты

28.10.2021

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Total Eren S.A компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжат Қазақстан аумағында жалпы қуаты шамамен 1ГВт болатын, жел энергиясын пайдаланатын гибридті электр стансаларын дамыту, қаржыландыру, салу және пайдалануға бағытталған. Бұл ретте жобада энергияны топтастыру, жинақтау мен сақтау технологияларына негізделген энергияны жинау жүйесін қолдану жоспарланып отыр.

Өз кезегінде, Total Eren S.A компаниясы аталған жобаны іске асыруға халықаралық қаржы институттарынан қаржыландыруды тарту жөніндегі жұмысты жүргізетін болады.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде жоба қуаты электр энергиясын сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымымен 200МВт құрайтын болады. Жоба 2024 жылдың соңында толық аяқталады деп жоспарланады.

«Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуінің бекітілген тұжырымдамасына сәйкес Энергетика министрлігі жаңартылатын энергетика секторын жоспарлы түрде дамытуда. Бұл әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлері үшін маңызды. Сондықтан біз өз тарапымыздан осы жобаны жүзеге асыруға көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.

«Бүгінде дүниежүзілік энергетика саласы үлкен өзгерістер алдында тұр. Сондықтан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жаһандық энергетика нарығының қатысушысы ретінде баламалы энергетиканы дамыту және энергияға көшу перспективаларын зерттеуде. Біз қазірдің өзінде төмен көміртекті дамытудың 2031 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеп, қабылдадық. Біз энергияның жаңартылатын көздері жобаларын іске асыруға мүдделіміз және «жасыл» энергетиканы қызметімізді декарбонизациялау бойынша барынша әлеуеті бар бағыттардың бірі ретінде қарастырып отырмыз», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>