Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Sustainalytics халықаралық рейтинг агенттігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының рейтингін жоғарылатты

25.10.2021

Sustainalytic халықаралық рейтинг агенттігі[1] «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның тұрақты даму саласындағы тәуекел рейтингінің көрсеткішін 28,4 балға дейін жақсартты. Бұл ұлттық компанияның халықаралық мұнай-газ нарығындағы ESG елеулі рейтингтерін басқарудағы мықты позициясын көрсетіп отыр.

2020 жылы Sustainalytics алғаш рет «ҚазМұнайГаз»-дың ESG тәуекел рейтингін 34,5 балл деңгейінде бағалаған еді. Бұл тәуекелдердің жоғары деңгейін көрсетті.

Sustainalytics агенттігі компаниялардың экология, әлеуметтік жауапкершілік және басқару саласындағы тәуекелдерін, сондай-ақ бәсекелестермен салыстырғанда олардың осы тәуекелдерді басқарудың мүмкіндігін бағалай отырып, оларға ESG рейтингін береді. Sustainalytics рейтингі туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

«ҚазМұнайГаз» рейтингінің «орташа тәуекел» деңгейіне дейін жоғарылауы Компанияның тұрақты даму саласындағы оң нәтижелерімен және оның стратегиясы мен ағымдағы қызметіне озық ESG-тәжірибелерінің белсенді енгізілуімен байланысты болды.

«Sustainalytics беделді рейтинг агенттігінің «ҚазМұнайГаз» компаниясын тұрақты даму саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде бағалағаны қуантады. Біз ESG-қағидаттарын өз қызметімізге кешенді әрі жүйелі түрде енгізіп жатырмыз. Атап айтқанда, Компанияның экологиялық саясаты бекітілді, декарбонизация саласында дербес тәсілдерімізді әзірлеп, одан кейін оларды Компанияның Даму стратегиясымен біріктіру мақсатында Төмен көміртекті дамыту жөніндегі жобалық офис құрылды, Компанияның Төмен көміртекті дамыту бағдарламасы әзірленді. Алдағы уақытта тұрақты даму саласындағы жоғары стандарттарды сақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізетін боламыз. «ҚазМұнайГаз» бизнесті жүргізудің жауапты тәсілін таңдай отырып, жаһандық ESG-мақсаттарына жетуде өз ниетін растайды», - деп өтті Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

2021 жылы ҚМГ алдында маңызды міндеттер тұр, ол Компанияның қызметіне ұлттық және халықаралық көміртекті реттеудің ықпалын есепке ала отырып, ҚМГ өнімінің көміртек ізі мен көміртек құрамын төмендету жөніндегі әлеуетін анықтау және кейіннен декарбонизация жобаларының оңтайлы жиынтығы арқылы көміртек құрамын азайту жөніндегі мақсаттарды іске асыру.

[1]   Sustainalytics – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару саласында зерттеулермен айналысатын жетекші тәуелсіз компания. Дүниежүзі бойынша инвесторларға тиімді инвестициялық стратегияларды әзірлеу мен енгізуге жәрдемдесетін рейтингтік және сарапатамалық ұйым.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>