Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және СИБУР Қазақстандағы мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары жөнінде келісімдерге отырды

07.10.2021

Нұр-Сұлтан, 7 қазан 2021 жыл. XIV KAZENERGY Еуразиялық форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және СИБУР компаниясы Атырау қаласындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы мұнай-газ химиясы жобалары бойынша ынтымақтастықтың негізгі талаптары жөніндегі келісімдерге қол қойды.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес тараптар біріктірілген газ-химиялық кешен негізінде бірлескен кәсіпорындарды құрудың талаптарын айқындады. Атап айтқанда, бұл жерде бүгінде қарастыру кезеңіндегі қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы, сондай-ақ салынып жатқан қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт туралы сөз қозғалып отыр. Осы бірлескен қос кәсіпорындағы СИБУР компаниясының үлесі 40%-ды құрайтын болады.

СИБУР-дың бірлескен кәсіпорындарға қатысуы барлық қажетті реттеуші келісімдер алынғаннан кейін және полипропилен өндіретін зауыт пайдалануға берілген соң іске асырылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев:

«Ел басшылығының тапсырмасына сәйкес «ҚазМұнайГаз» компаниясы ұлттық мұнай-газ химиясы саласын қалыптастыру жолында жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біз полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын аяқтаймыз. 2022 жылдың басында оны іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстың жалғасы ретінде полиэтилен өндіру жобасының жүзеге асырылуы басталады. СИБУР компаниясы мол тәжірибесі мен қажетті технологиясы бар сенімді серіктесіміз бола алады деп ойлаймын. Бұдан бөлек, біздің ынтымақтастығымыз қазақстандық өнімді өткізудің қосымша нарықтарына жол ашпақ».

«СИБУР Холдингі» ЖАО Басқарма төрағасы Дмитрий Конов:

«СИБУР мұнай-газ химиясы бизнесін кезең-кезеңімен дамытып келеді. Компания әлемдік деңгейдегі мұнай химиясы кешендерін құру, іске қосу және пайдалануға беруде үлкен тәжірибе жинады. Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және өңдеу жөніндегі ірі өндірістік нысандарды салу мен пайдаланудағы Қазақстандағы серіктестердің мол тәжірибесімен бірлесіп, әлемдік деңгейдегі полимерлі кешендерді іске қосу мен пайдалану жөніндегі біздің жинақталған сараптамамыз әлемдік нарықтағы бірлескен өндірістердің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ активтер қоржынымыз бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындармен толығады. Жаңа кәсіпорындарды іске қосу Қазақстанда және ЕАЭО басқа елдерінде полимерлі өнімнің ішкі тұтыну өсіміне де оң ықпалын тигізіп, СИБУР-дың қолданыстағы инфрақұрылымы мен құзыретінің арқасында жоғары қосымша құны бар өнімдердің экспорттық позициясын күшейте түседі».

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>