Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Трансформация жалғасуда

13.03.2015

2015 жылғы 13 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының трансформация бағдарламасының ағымдағы жағдайы және негізгі бағыттары бойынша «Самрұқ-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, Ұлттық компания Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалиннің қатысуымен кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында трансформацияның басым бағыттары, оның ішінде қызметтің мақсаттық негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған өндірістік және қолдаушы бизнес процестерді жетілдіру, еңбек уәждемесі жүйесі мен тиімділікті басқаруды жақсарту, мұнай өндірісіндегі қолданыстағы технологияларын үйлестіру және жаңа технологияларды интеграциялау, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу және т.б. сұрақтар қарастырылды.

Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында «ҚазМұнайГазда» жеке трансформация блогы құрылды. Аталған құрылымдық бөлімшенің құрамына ҚМГ компаниялар тобынан және өңірлерден жоғары білікті қызметкерлер және де шетелдік корпорацияларда тәжірибесі бар мамандар тартылуда.

«Самрұқ-Қазына» компаниялар тобында трансформация бағдарламасының бастауын өткен жылдың 6 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған болатын. Трансформация кезең-кезеңімен жүргізілетін болады және де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ алғашқы енгізілетін компаниялар қатарында.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

#PHOTOBLOCK_745#
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>