Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

БАҚ өкілдеріне TAZALYQ экологиялық жобасының іске асу барысы көрсетілді

29.09.2021

Атырауда қаланың қоршаған ортасының жағдайын жақсартуға бағытталған "Tazalyq" ауқымды экологиялық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. 29 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауыты баспасөз турын ұйымдастырды, онда журналистерге "жасыл" технологиялардың дамуына ықпал ететін және өңірдің экологиясына оң әсер ететін жобаның іске асырылу барысы туралы айтылды.

Айта кетейік, "Tazalyq" жобасы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және АМӨЗ-бен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобада механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және булану алаңдарын рекультивациялау көзделген. Жоба 2023 жылдың соңында толықтай аяқталады деп күтілуде.

«Қазіргі таңда механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңартудың бірінші кезеңі бойынша көптеген обьектілері салынып бітті. Жаңа механикалық тазарту құрылысы арқасында Жайық өзенінен су алу 10% - ға төмендейді, ал тазартылған зауыт ағынды суларының 15%-ы зауытта қайта пайдалануға жіберіледі", - деп нақтылады баспасөз туры барысында АМӨЗ құрылысты ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары Қанат Сағызбаев.

Қазіргі уақытта мұнай қалдықтарын алдын ала тазарту және сусыздандыру блоктарының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Екінші кезең аясында орташаландырғыштар блогы мен флотация блогы салынады. Бірінші кезеңнің құрылысын аяқтау мерзімі-2022 жылғы наурыз айына белгіленді. Ал, механикалық тазарту құрылыстарының толық аяқталу мерзімі-2022 жылғы желтоқсан.

Сонымен қатар, зауыт аумағы 4 секторға бөлінген "сасық сай" булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні алаңдардың қалалық және зауыттық бөлігі арасындағы бөгеттің, 2 және 3 секторлар арасындағы №1 бөгеттің құрылысы толық аяқталды және 3 және 4 секторлар арасындағы №2 бөгет 95% - ға аяқталды.

Сонымен қатар №1 секторды толық құрғату және № 2 секторды 70% құрғату жүргізілді. Құрғату аяқталғаннан кейін секторларды рекультивациялау бойынша: шөп шабу, кейіннен топыраққа арнайы биологиялық өнімді енгізе отырып жырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қалпына келтірілетін булану алаңдарының жалпы ауданы - 860 га. Алқаптардың барлық 4 секторын қалпына келтіруді аяқтау 2023 жылғы қараша айына белгіленді.

Сондай-ақ, "Tazalyq" жобасы аясында АМӨЗ-дің нормативтік-тазартылған сарқынды су каналын реконструкциялау жүргізілуде, ол толығымен жабық болады, бұл қоршаған ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмайды. Жобаға сай, жаңа жабық арна бойынша АМӨЗ-дің тазартылған ағындары қалалық кәріз-тазарту құрылыстарына жіберілетін болады. Каналды қайта құру 2022 жылдың мамыр айында аяқталады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың маусым айында АМӨЗ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі 80 млн долларға дейінгі сомаға Tazalyq жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>