Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Президенттің тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша жиналыс өткізді

24.09.2021

24 қыркүйек күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы (бұдан әрі – ҚМГ) Алик Айдарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына іс-сапары барысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында мұнай-газ кешені еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз ету талқыланды. А. Айдарбаев ҚМГ кәсіпорындарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жөніндегі жұмысты күйшейтуді, сондай-ақ ҚМГ еншілес ұйымдарына қызмет көрсететін мұнай-сервис компанияларында еңбек дауларын алдын алу бойынша уақытылы іс-шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұған қоса, компанияның өндірістік қызметіне, Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына да тоқталып өтті.

«Кендірлі кентіндегі су тұшыту зауытының құрылысы жобасын бұлжытпай іске асыру және «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырының реконструкциясын аяқтау қажет. Президент тапсырғандай бұл жұмыстарға жергілікті мердігерлер мен жұмысшыларды тартуға тиіспіз», – деді А. Айдарбаев.

Сонымен қатар, ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы ескі кен орындары, Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын жергілікті мердігерлер мен жұмысшыларды тарта отырып игеру, өңірдегі геологиялық барлау жұмыстарына белсенді қатысу мәселелеріне де назар аударды. Сондай-ақ, жиналыс барысында облыста «жасыл экономиканы» дамыту тақырыбы да талқалынды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>