Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Мұнайшы болу – мақтаныш!». «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында мұнай-газ кешені қызметкерлерін құттықтады

03.09.2021

Қазақстанда қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде Мұнай-газ кешені қызметкерлері төл мерекелерін атап өтеді. Бұл табиғат байлығын тиімді игеріп, ел игілігіне жарату жолында еңбек етіп жүрген геолог пен бұрғышылар, мұнай өңдеуші мен құбыршылар, құрылысшы мен игерушілер – түрлі мамандық иелерінің кәсіби мерекесі.

Мереке қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында онлайн режимінде салтанатты шара болып өтті. Жиынға Ұлттық компанияға қарасты кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлері қатысты. Кәсіби мерекеге орай мұнай-газ өнеркәсібінде ұзақ жылдар еңбек етіп, саланың дамуына үлес қосқан мұнайшылар құрмет грамоталар және естелік төсбелгілерімен марапатталды.

- Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Отыз жылда мұнай-газ кешені ұлттық экономиканың қозғаушы күшіне айналды. «Қара алтынды» өндіру қажыр-қайрат пен білімді, төзімділік пен табандылықты талап етеді. Еліміздің әрбір мұнайшысы еселі еңбегімен өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келеді. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қара суығында еңбек етіп жүрген барлық мұнайшы қауымға өз ризашылығым мен зор алғысымды білдіремін! Мұнайшы болу –мақтаныш! – деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Марапат алған мұнайшылардың арасында Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнай айыру және өткізу цехының 3-ші  дәрежелі тауар операторы Айша Елеусинова да бар.

- Мен 1984 жылдан бері мұнай-газ саласында еңбек етіп келемін. Мұнайшы қауымды төл мерекемен құттықтаймын. Осындай жоғары марапатқа ие болғаным үшін алғысым білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Аман болыңыздар, - деді А.Елеусинова.

Мұнай-газ саласы – Қазақстан экономикасының күретамыры. Ел қазынасына салық түсімдерінің және экспорттық кірістердің ауқымды бөлігін мұнай-газ өнеркәсібі аударады. Сонымен қатар тікелей шетел инвестицияларының басым бөлігі үшін қызығушылық тудыратын сала.

«ҚазМұнайГаз» еліміздегі мұнай және газ конденсатын өндірудің 25%-ын, ал ілеспе және табиғи газ өндірудің 15%-ын қамтамасыз етеді. Ұлттық компанияның магистралды құбырлары арқылы Қазақстан мұнайының 56%-ы тасымалданады. Отандық мұнай өңдеу зауыттырында мұнай өндеу үлесі 81%-ды құрап отыр.

ҚМГ компаниялар тобына ҚазТрансОйл, Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қаражанбасмұнай (50%), Маңғыстаумұнайгаз (50%), Қазгермұнай БК (50%), Қазақтеңізкөлікфлоты, ПМХЗ, АМӨЗ, ПҚОП (50%), Caspi Bitum (50%) және басқа да мекемелер кіреді.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚМГ кәсіпорындары 10,7 млн тонна мұнай, 4,1 млрд текше метр ілеспе және табиғи газ өндірді, 36,9 млн тонна мұнай және 46,4 млрд текше метр газ тасымалдады. ҚМГ мұнай өңдеу зауыттарында 9,7 млн тонна көмірсутек шикізаты өңделді.

Компания 60 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отырған ең ірі жұмыс беруші болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>