Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және «Шелл» көміртекті анықтау, кәдеге жарату және сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнінде келісті

03.09.2021

Бүгін, қыркүйектің 3-і күні, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ») және «Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы (бұдан әрі – Шелл) көміртекті анықтау, кәдеге жарату және сақтау технологияларын (CCUS) дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті және төрағасы Херман Бурмейстер қатысты.

Меморандум көміртекті анықтау мен кәдеге жаратудың негізгі өлшемдерін айқындау мен әзірлеу мақсатында CCUS технологияларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға әлеуетті мүмкіндіктерді бірлесіп зерттеуді көздейді.

Құжат тараптардың өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестігін нығайтуға, сондай-ақ еліміз Париж келісімі аясында қабылдаған парник газдарының азайту бойынша міндеттерді орындау жөніндегі міндеттемелерді қолдауға бағытталған.

Меморандумға сәйкес «Шелл» техникалық сарапшылары ұқсас CCUS жобаларын іске асырудың халықаралық тәжірибелерімен бөлісуге ниеттенеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа жету бойынша маңызды міндет қойған болатын. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы оны орындау үшін барын салуда. Сондықтан біз көміртекті анықтау, кәдеге жарату және сақтау технологияларына (CCUS) ерекше мән беріп отырмыз. «Шелл» компаниясының бұл салада мол тәжірибесі бар. Бүгін қол қойылған құжат стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңін айқындайды», – деп атап өтті Алик Айдарбаев.

«Біз Қазақстан Республикасында «Шелл» компаниясының жұмыс істеген жылдары орнаған ынтымақтастық пен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз. Компаниямыз «ҚазМұнайГаз» және Қазақстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті. Ұлттық компаниямен жасалған меморандум Қазақстанның мұнай-газ секторының дамуына тағы да үлес қосуға, сондай-ақ Қазақстанның «энергетикалық ауысуға» деген ұмтылысын қолдауға мүмкіндік береді. Бұл біздің компанияларымыз үшін де, жалпы Қазақстан үшін де маңызды», – деді Херман Бурмейстер.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы 2060 жылға дейінгі төмен көміртекті дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатқаны белгілі. Осыған байланысты ҚМГ да климаттық ахуалдың маңыздылығын жете түсіне отырып, 2031 жылға дейінгі төмен көміртекті дамытудың корпоративтік бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бағдарламада мақсатты индикаторлар қойылып, оларға жету бойынша негізгі шаралар анықталған, сондай-ақ өндірістік активтерде декарбонизацияның технологияларын қолдану мүмкіндіктерін зерттеу қамтылған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>