Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2023 жылдың 10 айында Германияға 690 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізілді

16.11.2023

«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) 2023 жылдың 10 айында Германияға 690 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізді.

2023 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай тапсыру бекетіне қарай тасымалданған шикізат көлемі 690 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, қараша айында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 миллион тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру бекетіне тасымалдауға жыл сайынғы өтінімді жіберді. Бұл мұнай транзиті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісімнің аясында жүзеге асырылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру бекетіне жылына 1,2 млн тонна көлемінде қазақстандық мұнай тасымалдауға техникалық мүмкіндіктің бар екенін растайды, бірақ мұнай тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының тасымал өтінімдеріне байланысты.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>