Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2020 жылғы Орнықты дамуы туралы есебін жариялады

26.08.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) жыл сайын Орнықты даму туралы есебін жариялап келеді. Бұл құжат Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық келісімшарты аясындағы компанияның өркендеуі туралы және орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына жетуі жөніндегі хабарлама болып табылады.

Үстіміздегі жылдың шілдесінде ҚМГ Директорлар кеңесі расталған 2020 жылғы Орнықты даму туралы есебін бекітті. Есеп GRI Standards орнықты даму саласындағы халықаралық есеп беру стандарттарына сәйкес дайындалды. Аудиторлық компанияның тәуелсіз куәландыру үдерісінен, сондай-ақ GRI Materiality Disclosures Service – Жаһандық есеп беру бастамасының материалдылықты анықтау тексерісінен өтті.

2020 жылғы Орнықты даму туралы есеп 2018-2020 жылдар аралығындағы компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қызмет нәтижесінің басты көрсеткіштерін жариялайды. Орнықты дамудың елеулі қырлары келесі ақпаратты қамтиды: COVID-19 пандемиясына байланысты дағдарысқа қарсы шаралар, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлерді дамыту, жергілікті қауымдастықтармен өзара ықпалдасу және өңірлерге жәрдемдесу. Есепте ESG-рейтинг көрсеткіштеріне және төмен көмірсутекті келешекке өту жөніндегі бастамаларымызға ерекше ден қойылған.

Мүдделі тараптардың пікірін ескеру маңыздылығын түсіне отырып, біз жыл сайын Есепке берілетін кері байланысты ұйымдастырамыз. Бұл тәжірибе Есептің мазмұнын жақсартуға, сонымен қатар Компанияның тұрақты даму мәселелері бойынша қызметкерлерді және басқа да мүдделі тараптарды хабардар етуге септігін тигізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>