Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мұнай өндіруді дағдарысқа дейінгі деңгейге біртіндеп жеткізу қажет – А.Айдарбаев

16.08.2021

Тамыздың 13-і күні Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау қаласындағы ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұхтар Манкеев те қатысты.

Жиналыс барысында ҚМГ еншілес кәсіпорындары қызметінің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік және қаржылық нәтижелері, бюджеттің орындалуы, еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ вакцинациялау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеевтің, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының орынбасарлары Қалбай Ізмұханов пен Қуанышбай Нұрғалиевтің баяндамалары тыңдалды.

ОПЕК келісімі аясында шектеулердің біртіндеп алынуына байланысты мұнай өндіруді ұлғайту және өндірістік көрсеткіштерді дағдарысқа дейінгі деңгейге жеткізу мәселелеріне ерекше ден қойылды. Айталық, «Қаражанбасмұнай» кәсіпорнында 2023 жылы мұнай өндіру көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейге жетеді деп күтілуде.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндіру жоспарын 4 мың тоннаға асыра орындады. Нақты 2 891 мың тонна өндірілді. Жыл қорытындысы бойынша күтілетін мұнай өндіру көлемі 5 925 мың тоннаны құрайды.

«Мұнай өндіру бойынша күтілетін болжамдар, бірінші кезекте, жұмыс орындарын сақтап қалуға, сондай-ақ өңірдегі мұнай сервистік мекемелерді жұмыс көлемімен барынша қамтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қалбай Ізмұханов.

Жиналыс қорытындысы бойынша Алик Айдарбаев компания басшыларына мұнай өндіру көлемін біртіндеп ұлғайту, ұжымдарда қолайлы әлеуметтік жағдайды сақтап тұру мен еңбек дауларының алдын алу, сонымен қатар қызметкерлердің екпе алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>