Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» басшысы А.Айдарбаев Астрахан облысының губернаторы И.Бабушкинмен кездесті

26.07.2021

Шілденің 26-ы күні Нұр-Сұлтан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың Ресей Федерациясының Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында шекара маңы ынтымақтастығының, оның ішінде көлік-логистикалық, мұнай-газ және кеме жасау саласының мәселелері талқыланды. Ресей делегациясы астрахандық верфьтерде кеме қатынасы нысандарын салуға қазақстандық серіктестерден тапсырыс қабылдау жөнінде ұсынысын жеткізді.

«Біздің Астрахан облысымен көптеген салалар бойынша халықаралық ынтымақтастығымыз жолға қойылған. Каспий теңізіндегі мұнай-газ әлеуетін дамыту – басты бағыттарымыздың бірі. Кәсіпорындарымыз табиғи ресурстарды өндіру және тасымалдау ісімен айналысып, түрлі кемелерге тапсырыс беретіні белгілі. Біз ынтымақтастығымызды дамытудың түрлі жолдарын қарастыратын боламыз», – деп атап өтті Алик Айдарбаев.

ҚМГ еншілес компаниясы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі – ҚТКФ) Ресейдің кеме жасау кәсіпорындарында Каспий теңізінің порттары арасында мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған жүк көтергіштігі 12 мың тоннаға дейінгі Caspianmax санатының 6 танкерін, сондай-ақ жүк көтергіштігі 3,5 мың тоннаға дейінгі 8 баржа-алаңын салған болатын. Олар Қашаған кен орнын игеру кезінде жасанды аралдардың құрылысы кезінде пайдаланды. Бұдан бөлек ҚТКФ Ресейдің, оның ішінде Астрахан облысының кеме жөндеу мекемелерінде аталған кемелерде кезеңдік жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұрады.

Астрахан облысының басшысы бүгінде кеме жасау саласының астрахандық кәсіпорындарының өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғыларын, теңіз стационарлық платформаларды, сонымен қатар кез келген мақсатта және санатта қолданылатын кемелерді, соның ішінде паром, құрғақ жүктер мен контейнер тасымалдайтын кемелерді, сондай-ақ балшық сорғыш және жолаушыларды тасымалдайтын шағын кемелерді салуға қауқары жететінін айтты.

Сонымен қатар кездесуде Каспий теңізіне шығатын Астрахан облысының халықаралық бағыттар жүйесінде маңызды орын алатыны да баса айтылды. Бүгінде ҚМГ ірі жобаларына басты жүктер Астрахан облысының көлік-логистикалық хабы арқылы келеді.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Астрахан облыстары арасында ынтымақтастық туралы келісімдер жасалып, олардың аясында көп жоспарлы жұмыс атқарылып жатқандығын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы мен Астрахан облысы арасында тауар айналымы 2020 жылы 13,4 млн. АҚШ долларын құрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>