Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

27.02.2015

26 ақпанда Астана қаласында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС компаниясының офисінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мен KMG International тобының құрамына енетін «ROMPETROL Downstream SRL» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес тараптар Қазақстанда бөлшек сауда бизнесін дамытуда өзара күш салысып, екіжақты ынтымақтастық, білім, тәжірибе алмасу және ноу-хау үдерісіне ықпал етуге ниет танытты.

«ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ және KMG International еншілес компанияларының жоспарлы ынтымақтастығы осыдан бұрын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ өкілдерінің Бухарест қаласына бару сапарының жемісі болып табылады, онда KMG International тобының бизнесін трансформациялау бойынша «Жақсыға қарай өзгеріс» жобасы ұсынылды. 2013 жылы іске қосылған жоба өзінің тиімділік нәтижелерін көрсетті және Акционерден мақұлдау алды, ол компания тәжірибесін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ тобында бизнесті трансформациялаудың ауқымды бағдарламасын іске асыру кезінде компанияның тәжірибесін пайдалануды көздеп отыр.

Ынтымақтастық аясында жоспарлы іс-шараларды орындау үшін бірлескен жұмыс тобын құру, бизнесті трансформациялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және өзара әрекеттестікті бір жолға қою, ниеттестік, инновация бағдарламасы, тауарлар мен қызметтерді ұсыну, қызмет тиімділігін арттыру көзделген.

Тараптар қол қойылған Меморандум аясында әріптес ұйымдар мен тәуелсіз дилерлерді тарта отырып, бөлшек сауда бизнесін дамыту саласында тәжірибе алмасу, компанияның бизнес-үдерістерін және ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, персонал тренингтері мен персоналдың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу үдерісі жүзеге асырылатын болады.

— Біз «ROMPETROL Downstream SRL» компаниясымен бизнесті трансформациялау және бөлшек сауда желісін басқаруда оның тәжірибесі мен технологиясын пайдаланудағы ынтымақтастыққа мүдделіміз. Бізге еуропа нарығында бәсекелестікті ортада жұмыс істейтін компанияның тәжірибесі бізді өте қызықтырады. Өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум бірлескен жобаны іске асыру үшін барлық күшін салуға дайын екендігін растайды, ол біздің компаниялар үшін техникалық, сондай-ақ экономикалық тиімділіктен тұрады — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Геннадий Морозов.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС және «ROMPETROL Downstream SRL» ынтымақтастығы қазақстандық компанияға дамудың жаңа-деңгейіне шығуына, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені алуға және клиенттердің көңілі толушылығы мен ниеттестігін арттыруға мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>