Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» және Eni баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

26.07.2021

Дүйсенбі, шілденің 26-ы күні, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы (бұдан әрі – ҚМГ) Алик Айдарбаев Eni компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар болашақ ынтымақтастық мәселелерін және баламалы энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.

«Соңғы 6 жыл ішінде Eni компаниясы жаңартылатын энергия көздерінің, биоотынның жаңа технологияларын және баламалы энергетика саласындағы басқа да инновацияларды әзірлеуге 5 млрд еуро инвестиция салды. Біз Қазақстан Республикасымен осы бағыттарды әрі қарай дамыту үшін өз білімімізбен, технологиялар және құрал-жабдықтарымызбен бөлісуге дайынбыз», – деді К.Дескальци.

Сонымен қатар ол Eni және КМГ-ның, сондай-ақ жалпы қос елдің көмірсутек бейтараптығы мен декарбонизацияға жету жөніндегі міндеттері ортақ екенін атап өтті.

«Бүгін қол қойылатын меморандумдар – бұл осы мақсат-міндеттерге жетудің кезекті қадамы», – деді Eni басшысы.

Өз кезегінде, Алик Айдарбаев Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері нысандарының бірлескен жобаларын іске асыру жөніндегі ауқымды әлеуетіне баса назар аударды. Бұл ретте ол жерлерде шығарылатын электр қуаты ҚМГ компаниялары тобының кәсіпорындарында да қолданылуы ықтимал.

«Жаңартылатын энергия көздерінің бірлескен жобаларын іске асыру ҚазМұнайГазға «жасыл» энергетикадағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл компанияның жеке өндіріс активтерінде «көмірсутек ізін» азайту жөніндегі стратегиялық мақсатына сай келеді. Біз ортақ талпынысты қолдаймыз және осы бағытта әрекет жасауға дайынбыз», – деп атап өтті А.Айдарбаев.

Сол күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Клаудио Дескальцимен кездесуі барысында ҚМГ мен Eni екіжақты құжаттарға қол қойды. Атап айтқанда, электр энергиясын өндіру және іске асыру үшін энергетикалық ауысу жобаларын әзірлеудегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында жаңартылатын энергия көздері саласында және «жасыл» энергияның өндірісінде бірлескен жұмыстар атқару жоспарланып отыр. Тараптар жел және күн электр стансаларының салу, бірінші кезекте ҚМГ компаниялары тобының өндіріс нысандарына электр қуатын өндіру жобаларын анықтау үшін техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізетін болады.

Бұдан бөлек ҚМГ мен Eni ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық және сутегі жобаларын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды.

Меморандум сутегі өндірісі және кейіннен өңдеп, биоотын өндіру үшін Қазақстан аумағында май дақылдарын өсірумен байланысты ауылшаруашылық жобалары саласында техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізуге негіз болып табылады.

Өз кезегінде, Eni компаниясы Қазақстан азаматтары мен қазақстандық ұйымдарды тарта отырып, өндірістен қол үзбей оқыту ұйымдастырады және тәлімгерлікті үйретуді қамтамасыз етеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>