Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» жаңа Экологиялық кодекстің талаптарын енгізуде

23.07.2021

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы биыл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еншілес компанияларында оның қоршаған ортаға әсерін кешенді бағалау үшін бірқатар шараларды жоспарлап отыр. Компанияның цифрландыру бағыттарының бірі – ҚМГ экологиялық мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ЭМААЖ) әзірлеу және енгізу жобасы. Жүйе қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті кешенді түрде автоматтандыруға, атап айтқанда оның жағдайы туралы ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өңдеуге, талдауға арналған. ҚМГ компаниялар тобының мүдделі қызметкерлерінің аталған жүйені пайдалануға рұқсаты болады.

Сонымен қатар жаңа Экологиялық кодексті іске асыру аясында Қазақстанда экологиялық ақпараттың бүкіл мемлекеттік қорын біріктіретін Бірыңғай экологиялық портал іске қосылып жатыр. Порталды іске қосу қоршаған ортаны қорғауды реттеу мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жаңалықтарының бірі болып табылады.

«Бірыңғай экологиялық портал – бұл ел операторларының қызметін қолдау және дамытуға арналған маңызды алаң. Біз қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы процестерді цифрландыру үшін осы порталдың қызметтерін пайдаланудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Бұл қалдықтар мен зиянды заттардың шығарылуы туралы есеп беру, кәсіпорындардың санаттарын анықтау сияқты бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек біз болашақта ЭМААЖ жүйесін Бірыңғай экологиялық порталмен біріктіру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - дейді ҚМГ Еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Қайрат Сақтағанов.

Портал іске қосылған жағдайда, шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат жинау, өңдеу және қалыптастыру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Ол қоршаған ортаны қорғаумен байланысты тікелей немесе жанама ақпарат ағындарын реттейді, сондай-ақ территорияға бөлінген еншілес компаниялардың есептерін шоғырландыруға және экологиялық менеджментке жұмсалатын шығындарды  оңтайландыруға септесетін болады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жаңа редакциясы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгенін атап айтамыз.

Бұдан бөлек қоршаған ортаны қорғау ісіне жіті назар аудару, қоршаған ортаға кері әсерді азайту, сондай-ақ жаңа экологиялық талаптар мен әлемдік тенденцияларға лайықты шаралар қабылдау мақсатында 2021 жыл ҚМГ компаниялар тобы бойынша Экология жылы деп жарияланды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>