Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

"ҚазМұнайГаз" компаниялар тобы қызметкерлері арасында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар байқауына өтінімдер қабылдау басталды

23.07.2021

Байқауға ҚМГ компаниялар тобында еңбек ететін кез келген қызметкер немесе өндірістік құрылым қатыса алады. Идеяларды арнайы комиссия үш кезеңмен қарастырады: бірінші деңгейде идеяларды ҚМГ компаниялар тобының мекемелері, екінші деңгейде ҚМГ құрылымдық бөлімшелері және соңғы шешуші кезеңде компания басшылығы қарайды.

9 және одан жоғары баға алған әрбір өтініш келесі деңгейдің комиссиясының қарауына жіберіледі. Ол комиссия ең үздік 3 жеңімпазды анықтайды.

Идеяны бағалау шарттары:

  1. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында көрсетілген көшбасшылық;
  2. ҚМГ тобының барлық кәсіпорындарына тарату мүмкіндігі, яғни идея/тәжірибесі жаппай енгізу мен іске асыру мүмкіндігі;
  3. Өзіндік құнды, тәуекелдер деңгейін төмендету, төтенше оқиғаларға жол бермеу және оның салдары үшін жауапкершілікті алдын алу есебінен құндылықтарды жоғарылату.

Байқауға қатысу үшін өтінішті толтырып, оны мына мекенжайға жолдау қажет: annual.hse.award@kmg.kz

Өтініштер 2021 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады. Бұдан кейін өтініштер тіркеледі және саралау процесін бастау үшін ҚМГ компаниялар тобының тиісті ұйымдарына жолданады.

Байқау қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-ші орындарды иеленген үшінші турдың жеңімпаздарына төмендегідей марапаттар мен сыйлықтар табысталады:

1-орын – ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 500 АЕК ақшалай сыйлық.

2-орын – ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 300 АЕК ақшалай сыйлық.

3-орын – ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 100 АЕК ақшалай сыйлық.

Байқау қорытындысы жыл соңында жарияланады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобындағы денсаулықты сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» жыл сайынғы байқауына қатысуға өтінім

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>