Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» Cbonds Awards CIS 2021сыйлығының лауреаты атанды

22.07.2021

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Алғашқы орналастырудың үздік мәмілесі (Қазақстан)» номинациясы бойынша Cbonds Awards CIS 2021 сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлық жалпы көлемі 750 млн АҚШ доллары 12,5-жылдық еурооблигацияларды (кірісі жылдық 3,5%, өтеу мерзімі –  2033 жылдың 14 сәуірі) табысты орналастыру жөніндегі мәміле үшін берілді. Компания түскен қаражатты 907 млн АҚШ доллары жалпы сомасына 2022 және 2023 жылдары өтелуге тиісті еурооблигациялардың алдыңғы шығарылымдарын мерзімнен бұрын өтеу үшін жұмсады.

Шығарылған еурооблигациялар бойынша түскен кіріс ҚМГ тарихында, сондай-ақ өтеу мерзімі 10 жылдан асатын еурооблигациялардың жаңа шығарылымдары үшін ТМД эмитенттері арасында ең төмен болып табылатынын атап өткіміз келеді.

Cbonds – қаржы нарығы саласындағы мамандандырылған ақпарат агенттігі. Cbonds Awards CIS сыйлығы 2014 жылдан бері ТМД елдерінің облигациялық нарығындағы үздік қатысушыларына беріледі. Жеңімпаздар облигациялық нарықтың қатысушылары арасында ашық түрде дауыс беру арқылы анықталады. 2021 жылы марапаттар 13 номинация бойынша табысталды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>