Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Сәтті» бұрғылау қондырғысының модификациясы аяқталды

13.07.2021

Caspian Drilling Company Limited компаниясы «Сәтті» өзі көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысының модификациясын аяқтады. Ол компанияның Баку қаласындағы жабдықтау және логистика теңіз базасында жүзеге асырылды. Модификация қондырғының техникалық сипаттамаларын жақсартып, сол арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қондырғы 6 000 метрден аса тереңдікте мұнай-газ ұңғымаларын тиімді бұрғылауды қамтамасыз ете алады.

Сәтті» – әлемдік стандарттарға сай толығымен Қазақстанда құрастырылған алғашқы бұрғылау қондырғысы. ҚМГ мен SOCAR Өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ Бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім қондырғыны Каспий теңізінің әзірбайжандық бөлігіндегі Абшерон құрылымында бұрғылау жұмыстарында бірлесіп қолдануды көздейді. Бұрғылау қондырғысының иесі ҚМГ еншілес компаниясы «KMG Drilling & Services» ЖШС болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>