Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Самұрық-Қазына» және «ҚазМұнайГаз» басшылары жөндеуден өткен Шымкент МӨЗ-іне барды

25.06.2021

Маусымның 24-і күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы А.Сатқалиев және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Айдарбаев жұмыс сапары аясында «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС-нің Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды.

Кәсіпорында жаңғырту аяқталған уақыттан бері соңғы 3 жылда күрделі жөндеу алғаш рет жүргізіліп отыр. Атап айтқанда, жаңа жылу алмастырғыштың монтажы қамтамасыз етіліп, пеш бүріккіштері ауыстырылды. Жалпы, үстіміздегі жылдың 6 мамыр мен 4 маусым аралығында 2 мыңдай жұмыс түрлері атқарылды. Жөндеу жұмыстарына шамамен 1800 адам жұмылдырылды. Өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасы өткізіліп, жабдық техникалық куәландырудан өтті.

Шымкент МӨЗ-де ауқымды жаңғырту 2014–2018 жылдары жүргізілді. Оның нәтижесінде ашық түсті мұнай өнімдерін шығару үлесі 58%-дан 83%-ға дейін, өңдеу тереңдігі 73%-дан 88,7%-ға дейін артты. Зауыттың Нельсон индексі немесе технологиялық күрделігі 4-тен 8,2-ге дейін жоғарылады. 

Өңдеу қуаты жылына 28%-ға немесе 4,7 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін ұлғайды. Техникалық параметрлерінің жақсаруы жоғары октанды бензиннің  157%-ға 881 мың тоннадан 2,2 млн тоннаға дейінгі, дизель отынының 58%-ға 1,9 млн тоннаға, авиаотынның 400 мың тоннаға немесе 42%-ға дейінгі өсімін қамтамасыз етті.

Шығарылатын өнімнің сапасы К4 пен К5 стандарттарына сәйкес келеді. Қысқы дизель сүзгіштігінің шекті температурасы -23℃ құрайды.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты Қазақстандағы жалпы мұнай өнімдері өндірісі көлемінің 30%-ға жуығын қамтамасыз етеді. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ін басқару паритеттік негізде жүзеге асырылады: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы. 2020 жылы мұнайды өңдеу көлемі 4,8  млн тоннаны құрады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>