Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының әрбір 5-ші қызметкері екпе алды

23.06.2021

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 13 мыңнан астам қызметкері немесе жалпы персонал санының 20%-ы COVID-19 індетіне қарсы вакцина алды. Соның ішінде 6 мыңға жуық қызметкері немесе жалпы санының 9%-ы вакцинаның толық курсын (екі компонентін) алып үлгерді.

Компанияда екі компоненттің әрқайсысын алған кезде ақылы екі демалыс күні (жұмыс күндеріне сәйкес келсе) берілетінін атап өткен жөн. Бұдан бөлек, вакцинаның екі компонентін салдырған қызметкерлер ПТР-тестін тапсырмай, кен орындарына кедергісіз кіре береді.

ҚМГ кәсіпорындарында вакцина алу үшін барлық жағдай жасалған: вакциналау орындары орталық кеңселерде, кен орындарындағы арнайы жерлерде және тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық орталықтарда ұйымдастырылған. Мұнайшылар өз қалауымен отандық QazVac, қытайдың Hayat-Vax немесе ресейлік Спутник-V екпесін таңдай алады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>