Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында газбен қамтамасыз ету меморандумға қол қойылды

05.02.2015

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының газбен жабдықтау желілерін модернизациялау және қайта жаңғырту, елді мекендерді газдандыру бойынша ұзақмерзімді және өзара тиімді іс-шаралар жөніндегі 2 меморандумға қол қойылды.

Меморандум Қазақстан Республикасын газдандырудың 2030 жылға дейінгі бас сызбасы шеңберінде, сондай-ақ өңірлердің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және ондағы экологиялық ахуалды жақсарту және газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Әкімдіктер арасында қол қойылды. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мынбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас  директоры Қайрат Шәріпбаев, Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өз қолдарын қойды.

Меморандумға сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ:

Ақтөбе облысында 3 автоматты газ тарату станциясын (бұдан әрі-АГТС) салуды, газ тарату жүйесін жаңғырту, бұрма газ құбырларын салуды, жеткізуші және жеке сектордағы тұрғын үйлерге дейін ауылішілік газ құбырларын салуды көздеп отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның осы аталған нысандардың құрылысына құятын инвестициясының жалпы көлемі 20,0 млрд.теңгеден асады.

Маңғыстау облысында жаңа газ жүйелерін салу, жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларын төсеу, Жаңаөзен қаласында 3 АГТС бар жоғары қысымды жеткізуші газ құбырларын салу, «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан Шетпе елді-мекеніне дейін АГТС бар бұрма газ құбырын салу, ауылішілік жоғары және орта қысымды жерасты газ құбырларын төсеу, сонымен қатар ауылішілік төмен қысымды газ құбырларын төсеу көзделген. «ҚазТрансГаз» АҚ Маңғыстау облысындағы аталған нысандардың құрлысына құятын инвестициясының көлемі 33,0 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде қолданыстағы газ тарату жүйелерін жаңғыртуға 20,0 млрд.теңге жұмсалады.

Меморандумға сәйкес, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері жер телімдерін бөліп, газдандыру нысандарын салуға мүмкіндік беретін тиісті рұқсатнамалық құжаттарын әзірлейді. Техника-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, болашақта «ҚазТрансГаз» АҚ беріледі.

«ҚазТрансГаз» АҚ бұл жобаларды ұзақмерзімді инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асыруды көздеп отыр.

АНЫҚТАМА:

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының иелігінде 8 аудандық газ шаруашылығы мен ұзындығы 2 156 км газ құбырлары бар. Газды өткізу көлемі - 806 593 м³ және газды тасымалдау көлемі - 1 256 022 м³.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалының иелігінде  6 аудандық газ шаруашылығы, ұзындығы 3 117 757 м газ құбыры, 2 689 538 м газ таратушы жүйесі және 428, 219 км «Жаңаөзен-Ақтау» магистралдық жүйесі бар. Газды өткізу көлемі - 434 319 м³, магистралды газ құбырлары арқылы газды тарату көлемі - 2 139 114 мың. м³ және таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау көлемі - 396 029 м³.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>